Неге менің бітпеді бұл ертегім? – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Неге менің бітпеді бұл ертегім?» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 854
Неге менің бітпеді бұл ертегім?..
Неге жалғыз жаныма мұң ертемін?..
Қалыңызшы ескіріп..елес болып...
Барыңызшы... Сізсіз де күнелтемін!
Барыңызшы... Сізсіз де сән құрамын,
Сөйтіңізші... серпілсін бар күмәнім.
Мүмкін сізді өр қылу, өлең қылу,
Өзімнің ойлап тапқан сандырағым.

Іздемеңіз... Шалмаңыз қоңырау да,
Үміт гүлін тақпаңыз омырауға.
Опа таппай сүйгеннен, сүйілгеннен,
Біздің көңіл үйренген жарымауға.

Біздің көңіл үйренген сынақтарға,
Биігінен қимасын құлатқанға.
Күлкіңіз ед қапыда ұнап қалған...
Тек өлеңім болмаса жылап қалған...

Тек өлеңім болмаса өкіндірген,
Сақтап келген жанымды дөкір күннен.
Барыңызшы, бұрылып қарамаңыз
Сізсіз өмір кешуге бекіндім мен.

Сөйтіңізші...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері