Қырғыз әуенімен – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қырғыз әуенімен» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2153
Темірқұл Үметалиевке
Асу-асу бел асып,
Іздеп келдім, Ләйліхан.
Құшағымды кең ашып,
Сіз деп келдім, Ләйліхан.
Фрунзенің бағында
Бір баласың, Ләйліхан.
Неге тұрмай жанымда,
Ұяласың, Ләйліхан?
Толқып белің билейсің,
«Бес ырғайға», Ләйліхан.
Неге бірге жүрмейсің,
Осындайда, Ләйліхан.
Ұғысармыз біз кейін,
Көп келейін, Ләйліхан.
Күдерімді үзбейін,
Көпке дейін, Ләйліхан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері