Париж
Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.
Соқ, қаттырақ барабанды,
Соқ, қаттырақ қыздыр қанды!
Әне, ашудан от тұтанды,
Намыс пен кек маздап жанды.
Өрт жүректер лапылдады
Басты қаптай алаңдарды.
Шықты көсем коммунистер –
Бастап батыл пролетарды,
Соқ, қаттырақ, барабанды!
Көсем жолдас айтты әділін:
− Шамырқанды Париж бүгін!
Кім кірлемек, ыластамақ
Француздың адалдығын?
Кім қорламақ, төмендетпек
Француздың адамдығын?
Кім зорламақ, бас идірмек
Француздың адал ұлын?
Париж - бүгін қаһарланды,
Қиюға әзір қан мен жанды.
Ұрлатпайды қолындағы
Француздар жейтін нанды,
Өлтіртпейді ойындағы
Коммуналар салған әнді.
Бас, жеделдет, бас қадамды!
Соқ, қаттырақ барабанды!
Жолдас көсем айтты шынын:
− Шешу керек Париж бүгін:
Я жұтады зымиян доллар
Француздың бостандығын;
Я француз салып жанын,
Керек болса төгіп қанын –
Күйретеді жау сұмдығын.
Париж, Париж, өрт тақалды!
Жау жанына қанжар салды!
Оқ атқан кім, өлтірген кім –
Өз бауырың - шахтерларды?
Білсін сенің құдіретіңді,
Жу тезірек қанмен қанды!
Баста батыл - пролетарды,
Соқ, қаттырақ барабанды!
1948
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі