Өлеңдер жинағы - 280 бет

Сыйлық

Қанипа Бұғыбаева

Мынау өмір мәңгілік кімге көктем,
Өз әмірін жүргізер күндер өктем.
Досым, туған күніме гүл сыйладың,
Еске салып жастықты гүлдеп өткен.

Толық оқу

Құштарлық

Қанипа Бұғыбаева

О, қаншама жолдарды басып өттім,
Ізін көрдім іздерден қасіреттің.
Осынау бір өмірде мен өзіме
Бар адамды келеді ғашық еткім.

Толық оқу

Көк торғай

Қанипа Бұғыбаева

Ой салып бір жолаушыға жол жүрген,
Табиғаттың заңы болар көндірген.
Күзгі кеште көп жапырақтың ішінен
Ұшып-қонған көк торғайды көрдім мен..

Толық оқу

Суретім

Қанипа Бұғыбаева

Көзге ілінбес бұл да өмірдің сынағы,
Талғамымды кімдер қалай ұғады?
Өз суретім өзіме ылғи ұқсамай,
Қолыма алсам басқа болып шығады.

Толық оқу

Қоңырсалқын

Қанипа Бұғыбаева

Ән салқын, айналаның салқын бәрі,
Тірліктің алдамайды жарқылдары.
Өмірдің бұрқылдаған қазанында
Қайнаған ойым неге салқындады?

Толық оқу

Жаңғыру

Қанипа Бұғыбаева

Кешегіден өзгеше жарығырақ бұл ақ таң,
Кешегіден өзгеше үн шығады бұлақтан.
Шуылдайды балапан жапырақтарға жан бітіп,
Бәйтерекке айналып тұр жағада құрақ-тал.

Толық оқу

Ғашықпын

Gainikamal_Saduakasova

Шүкір Алла өзіне жолықтырған,
Нәр бердің ғой сезімге солып тұрған.
Махаббатсыз дүние бос деген сөзді,
Жарқыным-ау өзінсің шын ұқтырған.

Толық оқу

Көп күрсінбе

Gainikamal_Saduakasova

Көп күрсінбе жарығым,неге "МЕН" деп?
Сұрағына жауап берем шегелеп кеп,
Барлық адам тұрады сәтсіздіктен,
Керек емес ренжіп өкпелеп тек.

Толық оқу

"Қашықтағы ғашығым"

Gainikamal_Saduakasova

Тұтқынына айналып сағыныштың,
Саған қарай келеді алып ұшқым.
Қол ұстасып отырсам құшағында,
Түсім екен мен тағы жаңылыстым.

Толық оқу

"Сен жүрегімнің..."

Gainikamal_Saduakasova

Сен менің кеудемдегі тұмарымсың.
Жарық қылар жалғанды шырағымсың.
Өзгелергелерге ешқашан сәйкеспейтін,
Жүрегімнің жалғыз ғана сыңарысың.

Толық оқу