Жүрегім менің тұңғыйық
Жүрегім менің тұңғыйық,
Бойлағанға Байқалдай,
Көктей мұхит кең мұхит,
Қалар ма, сірә, байқалмай!
Жүрегім менің тұңғыйық,
Бойлағанға Байқалдай,
Көктей мұхит кең мұхит,
Қалар ма, сірә, байқалмай!
Бөбек болып асылар ем мойныңа
Күле келсе осынау тұңғыш кітабым.
Қуанышым сыймас, сірә қойныма,
Десем дағы қанша сабыр тұтамын.
Жалындаған жас шырайы,
Шуғыласындай алтын таңның.
Жарқ-жұрқ етіп қанат жайды,
Жалауындай замананың.
Жүгірді бала жалбаңдап,
Жұмыстан қайтқан әкеге,
Білді ме, қайдам, арқалап,
Бүгінгі істен шырайды
Еседі лебің лапылдап жанған,
Сағындың ба, қамқоршым, анам?!.
Шығар ма естен құшағың жайған,
Аттанарда ауылдан балаң.
Көкорай, Көсеге жон қандай салқын!
Сол жерді мекен етті ізгі халқым.
Басына зиратының ел келгенде,
Бір аунап түскен шығар әкем марқұм!
Бас қамын жалғыз жасаған,
Жапалақ жатыр жауында.
Дауылдан туған жас қыран,
Шарықтап ұшар дауылда.
Шашып тұр күн шығыстан,
Арайлап таң атқанда аппақ.
Төрт түлік мал әрбір тұстан,
Шықты өріске өре қаптап.
Толықсыған көктем таңы,
Жатыр әлем нұрға бөгіп.
Жылт-жылт етіп шық маржаны,
Күн де шықты шұғыла төгіп.
Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын,
Панасында кереге мен уықтың.
Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын,
Сарша белде, соған мәңгі жуықпын.
Шымкентім менің, Шымкентім,
Шыр етіп түскен босағам.
Өзіңмен мәңгі ниетім,
Жүректе тамшы болса қан.
Бақытым басымда тұр талай күткен
Сеземін келмегенін оңайлықпен
Талай бабам күресіп елдік үшін
Тәуелсіздік туын міне желбіреткен
Әке деген — қазынам, сай-терегім,
Әкешім — асқар тауым, бәйтерегім!
Әлемнің ең асылы өзің болсаң,
Әкесіз бұл өмірде қайтер едім?!
Біз жастар ертеңге сенеміз,
Білімнің жемісін тереміз.
Ғанидың жалғасы біздерміз,
Бақыттан жасалған кемеміз.
Қазақстан-мақтанышым!
Қазағымның шырқалды асқақ әні,
Елбасы өзі ұсынды бастаманы.
Төрткүл әлем таныды міне бүгін,
Мен жылап ем, көңілшек Тау жылаған.
Қайыңның да көз жасы тамшылаған.
Ай тұмсығын тығады қолтығыма,
Ал, қойнымда бұлттар бар маужыраған.
Жар болшы, жалғыз Жасаған,
Мінгенім тарпаң-қашаған.
Қайрақ тастарға қамығып,
Қасаң тағасы босаған.
Сенен құдірет сеземін, Баспаным нән,
Аю демі еседі қош қарыңнан.
Қызыл-жасыл жайнаған дүние-ай деп,
Құбылады шуаққа таста қынаң.
Шыда Қазақ,шыда елім,байрағым!
Коронавирус кет, кет деп те шырқадық,
Ауырдықта, азаптанып шыдадық!
Қазағым, қалың елім-шыдай түс
Емдейтұғын жүректердің жарасын,
Бермейтұғын жүректегі баласын.
Ей, адамдар, тірісінде құрметтеп,
Аналардың біліндерші бағасын.
Мен өзіңді тағы көрдім түсімде,
Саған деген сезім барма ішімде?
Әлі күнге ұмыт болмай жүргенің,
О махаббат,
Шыңар бағым,
Неге сен сүйемін деп жиі алдадың,
Өзіңнен айырылып қалған кезде,
Жүректен аққан жасты тыя алмадым.
Болдың ба ішіп?!
Тойдың ба арағыңа?!
Ұрттағың кеп әкетіп барадыма?!
Бала-шағаң бұрышта қарап отыр,
Алланың керемет күшімен,
Кісілер туады кісіден.
Тоғыз ай ішінде көтерген,
Анамның қадірін түсінем.
Анашым, сәлем!
Қалыңыз қалай?!
Тыныш па?
Менікі жақсы, жатырмын қазір қуыста.
Қазақ тілі құрыды деуге жармас,
Кей қазақтар ана тілге қарамас,
Кейде біреу айтады екен төбеде,
Қазақ тілі, тіл ғой орыс аралас.
Атақтысың, мансаптысың тек жерде,
Иман, ислам , сабырда жоқ тек сенде,
Орын берер барған жерде төріңді,
Айтшы Ағалар ойладыңба көріңді?...
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі