Оқуға шақыру
Білу керек,оқу керек әрқашан
Оқу болсын алға қойған мақсатың.
Олардың пайдасы бар орасан,
Бұл ертеңгі наның сенің табатын.
Білу керек,оқу керек әрқашан
Оқу болсын алға қойған мақсатың.
Олардың пайдасы бар орасан,
Бұл ертеңгі наның сенің табатын.
Осы сөзде қанша жылу жатыр,
Мен үшін өте асыл, ыстық жансың.
Анамдайсың, әкемдейсің мен үшін,
Біліміңді аямадын шәкіртіңнен.
Арманым асқақ, қол бұлғайды асқардан,
Қиялым самғап, жол іздейді аспаннан,
Жүрегім тулап, қорқады білем, бірақ та,
Жасқанбаймын! арманға жетем аңсаған!
Менің жаным сыр шертетін тек қана ақ параққа
Сен келдің де өмірімді алыстаттың мұңдардан
Үйреттің сен кешіруді, сүрінбеуді сынаққа
Жүрегіме ала келдің өзіңменен ізгі арман...
Балалық шақ қой көп нəрсенің байыбына бармаған...
Менің нəзік жүрегімде күліп тұрғандай бар ғалам..
Естеліктер көп...кейбірі есте қалмаған
Балабақшада балалық шақтың қызығына қанбаған...
Өмірдегі шаттық, бақыт, қуаныш.
Біздер үшін мүлдем басқа түсінік.
Бұл өмірдің бізге берген сынағын
Шындығында жүрмізбе біз түсініп?!
Бір жігіттен ватсаппқа бір хат келді,
Хатын ашсам "сәлем" деп белгі берді.
Әңгіме деген көп уақытқа созылып,
Бір сағат қалай дегенше өтіп кетті.
Сүйемін, мен сізді шыныменен
Ыстық сезім, пəк жүрек, көңілменен
Сіз деп соққан бір жұдырық жүрегімде
Алаңдау бар ұмыт болар күдікпенен
Байланып ғаламның торына,
Жығылдық желінің жолына.
Сайттың түр түрін оқимыз,
Кітапты оқудың орнына.
Бұл әлемде керектінің бәрі бар,
Еңбек етсең іздегенің табылар.
Жүрер болсаң тек адалдық жолында,
Бақытыңның шырағы да жағылар.
Дүниенің барлығы жырақ қалып,
Жатыр мені тағдырым сынаққа алып.
Төзу керек болған соң барлығына,
Тұрам қайта сүрініп құлап барып!
Өзегімнен тепсенде,
Бақытсыз етсенде.
Талай жерде сүрініп,
Құлап құздан кетсемде.
Арғы тегім жаралған Ғұн- сақтардан,
Тоныкөк- Күлтегінмен мың мақтанам,
Италияны жаулаған Еділ бабам,
Солардан қазақ деген ұрпақ қалған.
Азаттықты ата-бабам арман ерткен,
Осы жолда қаншама қанын төккен.
Елін , жерін болашақ ұрпақ үшін,
Сақтап бізге , «аманат» табыс еткен.
Тұсау салып қойғандай өмір маған,
Керме жібін үзе алмай көңіл де алаң.
Жазмышымның жүктерін арқалауда,
Бір Көмегің керек -ау сенің маған .
Қара күздің шамын жағып,
Құстар да тұра алмайды дамыл қағып.
Тәтті елеске ұмсынып сезім құсы,
Мазалайды түнімді,таңымды алып.
Мақтанамын, марқайамын мен сенмен,
Ғасырлардың қиындығын еңсерген.
Қазағымның төріндегі жалаулар,
Мәңгілікке қаларына мен сенем.
Топтан озған тарланбоз
Сүрініп кетпес демеңіз.
Есепсіз жиған байлығың
Сұраусыз өтпес демеңіз.
Уақыт - бұзық бір қарамай обалға,
Бір күндері бізді бәлкім тонар ма?
Мен өмірге енді оралып келмеймін,
Мүмкін соның өзі қызық болар ма?
Тəуелсіздік таңы атқалы 26 жыл толыпты,
Өсіп-өніп Қазақстан 50 елдей болыпты.
Қазағымның басына,
Құдайберген бақ құсы кеп қоныпты.
Осы жұрт не біледі ақын жайлы,
Ақынды әрине олар мақұлдайды.
Ал менің ақын жайлы пікіріме,
Байқаймын көп адамдар қосылмайды.
Қазағым менің, ұлы далам байлығы шектеусіз,
Жан-жақтан,келіп жатыр келімсіктер тергеусіз.
Ұлы даламнын кең дарxан жері өлшеусіз шіркін,
Сол даламнын бағалай білу керекқой әр бірін.
Қол созып, құшақ жайған күтемін деп,
Айтқаным бар,арман жетегінде кетемін деп.
Жүрсін бе мені әлі сағынып?
Көше бойын кезіп қанғырып.
Бір қыз бар, бұл күнде маған ұнайтын,
Жүрегім, тек бір өзінді ғана қалайтын.
Жолықтырдым сендей сұлулық әлемін,
Сүйіп қалсам,кешірерсін енді қайтемін.
Кеше бардым ауылыма аяндап,
Үйге жетіп..
Тұрып қалдым аялдап.
Əжем отыр,сүтті тартып қаймақ қып,
Мұнарадан соғып қойған қақпасы.
Зəулім үй мен Сəби даусы.Отбасы.
Үйдің іші құнды затқа толғанмен,
Берекеге толмай қойған шоқ басы.
Өмір деген-тамаша сенесің бе,
Қайта-қайта сүрмейсің келесіде.
Жек көрем деп налисың өміріңе,
Ал өміріңді өзгеге бересің бе?!
Туған тілім елімнің тірегісің
Туған тілім мәңгілік жүрегімсің
Өзге тілді білсем де сені ұмытпан
Оған жетер білемін жігер күшім
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі