Мақал-мәтелдер жинағы – 117-бет

Халыққа аға болғанның, арқасы жауыр болар.

Ілмектер: халық, аға, арқа, жауыр
WhatsApp Telegram

Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.

Ілмектер: алу, беру, бес, алты, сан
WhatsApp Telegram

Жұлық жалаған жарымайды.

Ілмектер: жарымау, кедейлік
WhatsApp Telegram

Көк етікті келмейді, көн етіктіге бармайды.

Ілмектер: етік, көн
WhatsApp Telegram

Құдай дескен, құйрық-бауыр жескен.

Ілмектер: құйрық, бауыр
WhatsApp Telegram

Есіктен кіріп, төрге озба.

Ілмектер: есік, төр
WhatsApp Telegram

Төр кімдікі болса, билік соныкі.

Ілмектер: төр, билік
WhatsApp Telegram

Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.

Ілмектер: мал, жан, ар
WhatsApp Telegram

Диханшылық түбі кеңіс,
Саудагерлік түбі борыш.

Ілмектер: диханшылық, саудагерлік, сауда, борыш
WhatsApp Telegram

Жауыңа жаныңды бер, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан
WhatsApp Telegram

Жастық - жалын,
Кәрілік - құл.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік, құл, жалын
WhatsApp Telegram

Күштіге - құдай жоқ.

Ілмектер: күшті, құдай
WhatsApp Telegram

Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.

Ілмектер: бай, дос, сауда, бауыр
WhatsApp Telegram

Хан азарында қарашысымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.

Ілмектер: хан, дос, би, қайырым
WhatsApp Telegram

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Ілмектер: жер, ел
WhatsApp Telegram

Мал баққандікі, жер жыртқандікі.

Ілмектер: мал, жер
WhatsApp Telegram

Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

Ілмектер: көктем, берекет, күз, әрекет
WhatsApp Telegram

Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

Ілмектер: білім, ер, жер, сән
WhatsApp Telegram

Өзіңді біліктінің қасында ұста.

Ілмектер: білікті
WhatsApp Telegram

Білікті адамның сөзі - таза гүл.

Ілмектер: біліктілік, адам, гүл
WhatsApp Telegram

Ақша ақшаны қимайды,
Дән дәнді жинайды.

Ілмектер: ақша, дән, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.

Ілмектер: мінез, адам, ит, артық, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Тиын беріп, бұйым алмақшы.

Ілмектер: тиын, бұйым, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жалғыз өзі – жарғақ құлағы.

Ілмектер: жалғыз, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жақсылық еткен кісінің
Есігінен Қыдыр кетпейді.

Ілмектер: жақсылық, Қыдыр, есік, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Күліп қабылдады,
Күмілжіп шығарып салды.

Ілмектер: күлу, қабылдау, парсы мақалы, шығарып салу
WhatsApp Telegram

Досың мейірлі болса,
Ісің пейілді болар.

Ілмектер: дос, мейір, пейіл, іс
WhatsApp Telegram

Жақсыда қате жоқ.
Жаманда опа жоқ.

Ілмектер: жақсы, жаман, қате, опа, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жабық есік жолбарысты да жолатпайды.

Ілмектер: есік, жабық, жолбарыс, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Тоқтың жоқпен ісі жоқ.

Ілмектер: тоқтық, іс, парсы мақалы
WhatsApp Telegram