Мақал-мәтелдер жинағы: қазақша мақал мәтелдер – 124-бет

Қазынасын қарақшыға күзеттірді.

Ілмектер: қазына, қарақшы, күзету, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өз шалабың ащы емес.

Ілмектер: шалап, ащы, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Сабағанды жөн көрсең,
Сыбағаңды ал.

Ілмектер: сыбаға, сабау, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Құйрығымен жаңғақ шағады.

Ілмектер: жаңғақ, шағу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өзі пішеді
Өзі кеседі.

Ілмектер: пішу, кесу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өгіз ыңқылдаса, арба сықырлайды.

Ілмектер: өгіз, арба, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Отаның Сүлеймен патшалығынан да сүйікті.

Ілмектер: отан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Алаудан тезек те, кезеп те жанады.

Ілмектер: алау, от, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.

Ілмектер: ауыл, қарт, хат, ат, төбе
WhatsApp Telegram

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау
WhatsApp Telegram

Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.

Ілмектер: қол
WhatsApp Telegram

Мезгілсіз шақырған тауықтың, басын жұлмақ керек.

Ілмектер: мезгіл, тауық
WhatsApp Telegram

Бояушыны бояушы дегенде сақалын бояйды.

Ілмектер: сақал, бояу
WhatsApp Telegram

Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.

Ілмектер: жалақ, таз, қол, кісі, тіл
WhatsApp Telegram

Құдаңа бола құдайыңнан айрылма.

Ілмектер: құда
WhatsApp Telegram

Жаяудың несібесін атты жемес.

Ілмектер: жаяу, несібе
WhatsApp Telegram

Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болыпты.

Ілмектер: әл, арыстан, аяқ, мерт, ай
WhatsApp Telegram

Қонақ "тоймадым" демес, "соймады" дер.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Жолаушының үлеспеген еншісі бар.

Ілмектер: жолаушы, енші, үлес
WhatsApp Telegram

Қартайып өлсең қапыл жоқ.

Ілмектер: қарттық, өлім
WhatsApp Telegram

Ала алмаған атынан көрер,
Қайтып келіп қатыннан көрер.

Ілмектер: ат, қатын
WhatsApp Telegram

Жаудан құры қайтқанша жаралы қайт.

Ілмектер: жау, жара
WhatsApp Telegram

Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталас бол.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, құда
WhatsApp Telegram

Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?
Ісіңді біреу істесе, қолың қышып бара ма?

Ілмектер: сөз, іс
WhatsApp Telegram

Осы киізден бізге де бөрік шығар.

Ілмектер: киіз, бөрік, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ажалдан басқаға араша көп.

Ілмектер: ажал, араша, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қолға су құя алмаса да, ұялмайды.

Ілмектер: қол, су, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бетінің қызылы безеуден.

Ілмектер: бет, қызыл.парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Дәмеленсең баюдан.
Қыл алып қал аюдан.

Ілмектер: байлық, аю, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы
WhatsApp Telegram