Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ақындық даналық дегеніміз — қатып қалған зат біткеннің бəрінің өзін-өзі аласапыран айғаймен күл-талқан етуін құдайдың ісіне айналдыру. Бұдан ғаламат һəм сирек не болушы еді!

Ілмектер: ақындық, даналық Жорж Батай

Менікі деп жүргенің, уақытша ғана сенікі, атақ, ақша дегенің, мәңгілік емес сенікі. Сонда не мәңгілік — Жаратушыға деген махаббат.

Ілмектер: уақыт, атақ, ақша, мәңгілік, Алла, махаббат, жаратушы Нарша Булгакбаев

Əдебиет дегеніміз — араласу. Əдебиет — қайта оралған балалық.

Ілмектер: әдебиет, балалық Жорж Батай

Кейде уақыт жетпей жататындай көрінеді. Əйтеуір, уақыт тым аз.

Ілмектер: уақыт Жорж Батай

Қарсылық көбінесе əлдебір ұсақ-түйектен барып басталады, бірақ шын басталып кетсе — ешкім де тоқтата алмайды.

Ілмектер: Қарсылық, ұсақ-түйек Жорж Батай

Тəжірибе — адамның болмыс туралы білетінінің бəріне жанып-күйіп тұрып һəм əлдебір мұңмен күдік келтіру.

Ілмектер: Тəжірибе, мұң Жорж Батай

Үзік — ұлан-асырлық белгісі.

Ілмектер: үзік, белгі Жорж Батай

Жоқ болу — жаныңның жай табуы емес.

Ілмектер: жан Жорж Батай

Бойға сіңген балалық — ұят емес, даңқ.

Ілмектер: балалық, ұят, даңқ Жорж Батай

Тəжірибе — адам мүмкіндіктерінің шегіне сапар шегу.

Ілмектер: Тəжірибе, мүмкіндік, сапар Жорж Батай

Адамның денесі өзі топырағынан жаратылған жəне өзі оны зор ризашылықпен жоққа шығаратын Жерге арналған сынақ тəрізді. Эрекцияны қаһарман қатаңдықпен еш салыстыруға болмайды.

Ілмектер: адам, дене, топырақ Жорж Батай

Жек көру объектісіне айналып көрмеген адам өзін толық жақсы көре алмайды.

Ілмектер: жақсы көру, жек көру Жорж Батай

Сараңдықтың темір құрсауынан жан аямай құтылуға ұмтылған адам ғана өзін табады.

Ілмектер: сараңдық, адам Жорж Батай

Көбіне-көп сырттан қарағанда соншалықты тура көрінетін жол шынында ең бұралаң жол болып шығады.

Ілмектер: жол Жорж Батай

Өзіңді жайбарақат жоғалтуға болмайды.

Ілмектер: жайбарақат Жорж Батай

Мұңнан қашқан адам асып-сасқан жексұрынға айналады.

Ілмектер: мұң, жексұрын Жорж Батай

Ажалдың көлеңкесі біздің еркімізден тыс дүниеге келеді.

Ілмектер: ажал, көлеңке, дүние Жорж Батай

Діни қатігездіктің көп сатылы биік баспалдағы болады.

Ілмектер: дін, қатыгездік, биік Жорж Батай

Тек ақыл ғана өзі жасағанды өзі қиратып, өзі тұрғызғанды өзі құлата алады.

Ілмектер: ақыл Жорж Батай

Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.

Ілмектер: адам, бала, тіл, тіршілік Жорж Батай

Пікірлер