Өзің ұлы болғаннан гөрі, өзгенің ұлылығына табыну əлдеқайда жеңіл.
Ілмектер: жеңіл, табыну, Ұлылық Роберт Вальзер
Ең оңай нəрсені суреттеу қиынның қиыны: солай болған жəне солай бола да бермек.
Ілмектер: оңай, суреттеу Роберт Вальзер
Өздерінің жеке қасіретін балалардан жасыруға болмайды деп есептейтін ата-аналар, оларды сол мезетте құлдардың жағдайына түсіреді.
Ілмектер: қасірет, бала, ата-ана, құл Роберт Вальзер
Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.
Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер
Зорлаушы мен зорланушы, қанаушы мен қаналушы — белгілі бір дəрежеде бірін-бірі толықтырушылар. Еркіндік үшін, оның өрісі кеңейе түсуі үшін оның өкілдері жəне сол сияқты тағы бірдеңелер өте қажет.
Ілмектер: зорлық, қанау, еркіндік, өріс Роберт Вальзер
Əлі өсе аламын деп ойлау ізгі сезімге бөлейтіндіктен, өзіңді жас сезіну — қашан да жайлы.
Ілмектер: сезім, ой Роберт Вальзер
Осы белгілі, парасатты адамдар бір-бірімен тіл табыса алмайтындығы неліктен екен?!
Ілмектер: парасат, тіл табысу Роберт Вальзер
Адам ізденсе ғана өмір сүреді.
Ілмектер: адам, ізденіс, өмір Роберт Вальзер
Үндемей де үйдей пəле жабуға болмай ма?!
Ілмектер: үндемеу, пәле Роберт Вальзер
Неге махаббат пен достық күннің көзіндей мəңгілік емес?!
Ілмектер: махаббат, достық, күн, мәңгілік Роберт Вальзер
Өткен — келешекке кедергі.
Ілмектер: келешек, кедергі, өткен шақ Роберт Вальзер
Жазушылардың пианистердей шу шығаруға қақысы жоқ.
Ілмектер: жазушы, пианист, шу Роберт Вальзер
Өзіңді бақытсыз сезіне бастасаң-ақ болды, солай болып шығады екен.
Ілмектер: бақыт, бақытсыздық Роберт Вальзер
Дүниені шырқ үйіріп, əмірін жүргізіп отырғандар арасында шынын айтар ешкім жоқ.
Ілмектер: дүние, шындық Роберт Вальзер
Ешкімнің де менімен бұрыннан білетіндей қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.
Ілмектер: қатынас Роберт Вальзер
Журналист деген бізге тек қана ақпарат тарататын тұлға ғана емес,от пен судың ортасында жүріп ақиқатқа жетуші,елдің мұңы мен мұқтажына құлақ түретін сезімтал жандар
Ілмектер: Нақыл сөздер Ермек Жанэль
Журналист профессиясы қастерлі оның үстіне қасиетті.Екінің бірінен,кез келген біреуден журналист шығуы екі талай.Ақындар,жазушылар секілді бұл Алла тағаланың берген сиы.
Ілмектер: Нақыл сөздер журналист туралы Ермек Жанэль
Журналистке білімнен басқа жүргізген сұхбатына сауал қойатын бірнәрсе керек...
Ілмектер: Нақыл сөздер журналист туралы Ермек Жанэль
Бір-біріңе шындықты бетке айтудың қажеті шамалы: ол қарым- қатынасқа кінəрат түсіреді.
Ілмектер: шындық, қарым-қатынас, кінәрат Роберт Вальзер
Ештеңені жарым-жартылай иемденгім келмейді, одан да ештеңесі жоқтар қатарында жүргенім жақсы: онда ең құрығанда өз жаныма өзім толық қожамын ғой.
Ілмектер: иемдену, жан, қожайын Роберт Вальзер
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі