Каспий жағасында
Каспий толқындары бұрқ-сарқ етеді,
Жәй долданса ей, шырақтық қайтеді,
Қасиетті Маңғыстаудай жерім де,
Салқын самал бетіме келіп еседі.
Каспий толқындары бұрқ-сарқ етеді,
Жәй долданса ей, шырақтық қайтеді,
Қасиетті Маңғыстаудай жерім де,
Салқын самал бетіме келіп еседі.
Тамылжыған табиғат –
Тіршіліктің тірегі.
Жоғалады жамиғат,
Соқпай қалса жүрегі.
Табиғаттан қол үзу де — бір қайғы.
Күйбең тірлік қызығыңды ұрлайды,
Банкеттегі хрустальдің сыңғыры
Жапырақтың сыбдырына тұрмайды.
Тауда өстім, тау тілімен тілдестім,
Биігімен ой таласып үндестім,
Қара таудан қайсарлықты үйреніп,
Өр мінезбен өмірменде күрестім
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Жасыл-жасыл жағалай жал,
Жағалай жал, саған айтам!
Жылан қабық шұбар шыңдар,
Сендер де тас шығарсыңдар?
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады.
Өңі қашқан бәрінің,
Оңып кеткен атырап.
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ.
Шеберсің-ау, табиғат, шіркін, ана!
Алмасса да сан заман ғұрпы жаңа,
заңдылық бір: қояны қойдан бөлек,
жуыспайды батардай бір күнәға,
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі