Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (94) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (871)

Ақылы терең адамның
Аясы кең келеді.
Тамыры терең шынардың
Саясы кең келеді.

Ілмектер: адам, ақыл

Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді.

Ілмектер: адам, отан

Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.

Ілмектер: ел, адам

Болсаң болаттай бол,
Болмасаң, бордай тоз.

Ілмектер: болу, адам

Пенде көресісін көрмей,
Көрге кірмейді.

Ілмектер: пенде, адам

Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.

Ілмектер: адам, ұры

Қатты ағашта шайыр жоқ,
Қатты адамда қайыр жоқ.

Ілмектер: адам

Аш адам жүріп өледі.

Ілмектер: адам, ас

Кем болма, кең бол.

Ілмектер: кем, кең, адам

Айнаға қарап емес,
Адамға қарап түзел.

Ілмектер: адам

Адамның жүзіне емес, сөзіне бақ.

Ілмектер: адам, сөз

Адамның сұлулығы шыншылдығында.

Ілмектер: адам

Ұяттан адам өлмейді, сағы сынады.

Ілмектер: ұят, адам

Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.

Ілмектер: сана, адам

Адам — тастан қатты,
Гүлден нәзік.

Ілмектер: адам

Жан ашыры жоқ адам
Жал-құйрықсыз атпен тең.

Ілмектер: адам, ат

Адам - түп ата, Хауа - түп ана.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам — ардақты ат.

Ілмектер: адам, адам туралы Максим Горький

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

Ілмектер: адам, адам туралы

Адам жылқы мінезді.

Ілмектер: адам, адам туралы, мінез