Іс — Мақал-мәтелдер жинағы - 6-бет
Бұл бөлімде "іс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Ілмектер:
жігіт, түс, іс
Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.
Ілмектер:
іс, ер, ел
Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.
Ілмектер:
іс, көп, су
Болған іске, болаттай бол.
Ілмектер:
іс
Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.
Ілмектер:
іс, көңіл
Көп ақылды жиналса,
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі жітірер.
Ілмектер:
іс, ақыл
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
Ілмектер:
іс, жақсы, жаман
Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.
Ілмектер:
сараң, жаман, іс
Қыңыр істің қырық жылдан соң да
Қиығы шығар.
Ілмектер:
іс
Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.
Ілмектер:
кісі, іс, адам
Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны.
Ілмектер:
адам, іс
Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Ілмектер:
көңіл, іс
Сөз — сабан, іс — дән.
Ілмектер:
сөз, іс, тіл
Болар іс болды,
Бояуы сіңді.
Ілмектер:
іс, өнер
Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.
Ілмектер:
күш, іс, өнер
Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая.
Ілмектер:
еңбек, іс, өнер
Өз басына іс түспеген,
Өзгенің қайғысын білмейді.
Ілмектер:
іс, қайғы
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі