Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "жақсы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Ілмектер: сөз, тіл, жақсы, төрт түлік мал
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Жақсы қыздың жасауын
Ілмектер: жақсы, қыз, жаман, жасау
Жақын-жаран жасайды.
Жаман қыздың жасауын
Сұран-тілен жасайды.
Атадан жақсы ұл туса,
Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Жақсы адам қартайса,
Ілмектер: жаман, жақсы, қарттық
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.
Жақсы жұмыстан
Ілмектер: жұмыс, жақсы, жаман, көңіл, еңбек
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.
Жақсы болар жігіттің
Ілмектер: жақсы, жігіт, жұмыс
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Сиырды жақсы көрсеткен
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, әйел, жақсы, бала
Артындағы танасы
Әйелді жақсы көрсеткен
Қасындағы баласы.
Тұлпардың қадірін
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жақсы, қадір
Желгенде білерсің,
Жақсының қадірін
Өлгенде білерсің.
Өгіздің өзі қартайса да,
Ілмектер: жақсы
Мұрыны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі