Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (59)

"Ар" туралы Мақал-мәтелдер

"Ар" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Ар" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұл жалғанды бұзатын — арсыз адам.

Ілмектер: дүние, өмір, өмір туралы, ар, арсыз, адам
WhatsApp Telegram

Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.

Ілмектер: әке, жетім, шеше, ар, ерке
WhatsApp Telegram

Әйелдің жалғыз жетістігі бар:
Ол — дақ түспеген ары.

Ілмектер: әйел, ар, дақ, жетістік
WhatsApp Telegram

Аталы сөзді арсыз қайырар.

Ілмектер: ата, сөз, ар
WhatsApp Telegram

Арсыз — адамның қоры.

Ілмектер: ар, адам, қор
WhatsApp Telegram

Арлы болмай, абыройлы болмайсың.

Ілмектер: ар, абырой
WhatsApp Telegram

Ары жоқ – күлкішіл,
Санасы жоқ – ұйқышыл.

Ілмектер: ар, сана, ұйқышылдық
WhatsApp Telegram

Қарным үшін емес,
Арым үшін жылаймын.

Ілмектер: ар, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.

Ілмектер: жігіт, намыс, ар, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.

Ілмектер: ұрыс, ар
WhatsApp Telegram

Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.

Ілмектер: ақыл, ар, ұят, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.

Ілмектер: әдептілік, ар, ұят, надан, мінез, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.

Ілмектер: ар, адам, барлау, соғыс
WhatsApp Telegram

Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.

Ілмектер: мал, жан, ар
WhatsApp Telegram

Аталы сөзге арсыз таласады.

Ілмектер: ата, сөз, ар, арсыз
WhatsApp Telegram

Адалдық — ардың ісі.

Ілмектер: адалдық, ар, адал, адамгершілік, ізгілік
WhatsApp Telegram

Арсызға алты күн мейрам.

Ілмектер: ар, мейрам
WhatsApp Telegram

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық
WhatsApp Telegram

Арсызда бет болмайды,
Азғында кек болмайды.

Ілмектер: ар, кек
WhatsApp Telegram

Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.

Ілмектер: ар, ақыл, қыз, ұл
WhatsApp Telegram