Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
Ілмектер: жастар, оқу, тәрбие, афоризм, қанатты сөздер, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Егер заң арқылы басқарсаң, жазалау арқылы реттесең, халық аяғын тартады, бірақ ұятты сезінбейді. Егер ізгілік арқылы басқарсаң, оны дәстүрге айналдырсаң, халық ұялып қана қоймайды, көндігуге тырысады.
Ілмектер: заң, басқару, халық, дәстүр, ізгілік, жаза, ұят, афоризм Конфуций
Кейде бір сөйлем жылдар бойы іздеп жүрген сұрағыма нүкте қояды.
Ілмектер: кітап, мағыналы сөз, сұрақ пен жауап, афоризм Азамат Төре
Біреудің жылдарын бір-екі кеште оқып шығу — кітапта ғана бар.
Ілмектер: кітап, кітап оқу, өмірлік тәжірибе, афоризм, білім, уақыт, кітап туралы Азамат Төре
Жер бетінде əділдік идеалын орнатамын деген адамның жолы болып көрген емес: бұл – қызығынан қасіреті көп іс!
Ілмектер: Əділдік, қасірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Кез келген өнер сарашысы жаңа шығармадан суреткердің «қолтаңбасын» көрсе – риза болады. Қолтаңбаға ие болу – соңғының бастауы екенін көп адам сезе бермейді.
Ілмектер: Қолтаңба, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Трагедиядан лəззат алу үшін оны тек сахнадан көру керек.
Ілмектер: Трагедия, лəззат, сахна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Данышпан дегеніміз – ең рабайсыз, сондықтан да ең мазасыз жан иесі.
Ілмектер: данышпан, мазасыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Эпикурға, оның ашу-ызасына ұшырайтындығына қарамастан, біз енді өзімізге өзіміз кез-келген нəрседен кез-келген нəрсе шығуы мүмкін екендігін айтуға мəжбүрміз.
Ілмектер: Эпикур, ашу, ыза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Қара үзген үздіктің ең басты артықшылығы қиындықпен ғана жетуге болатындығы.
Ілмектер: қиындық, артықшылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін, осы қасиеттің кішкене бөлігі өзінде болуы тиіс.
Ілмектер: адам, қасиет, жақсылық, баға беру, нақыл, афоризм, қанатты сөз Уильям Шекспир
Өмір адамға беретін мүмкіндіктер, салыстырмалы түрде алғанда, өте шамалы.
Ілмектер: Өмір, адам, мүмкіндік, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Біз өз жақын-жұрағаттарымыздың əрқайсына жау көргендей сезікпен қараймыз да, жаппай қорқып-үрке бастаймыз.
Ілмектер: туыс, жау, сезік, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Əбден жалықтырған ақиқаттардан құтылудың сенімді тəсілі – əдеттегідей құрмет көрсету мен бас шұлғудан арылып, олармен тым жеңіл қарым-қатынас жасауға көшу, тіпті өте өзімсінгендік пен жек көрушілік салқынын сəл сездіріңкіреп сөйлесе бастау.
Ілмектер: тəсіл, құтылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақиқат, жек көрушілік Лев Шестов
Оңалмастай бақытсыз болу – өте ұят!
Ілмектер: ұят, бақытсыз, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Əсіресе, еретиктердің тым ұсақ нəрселерде ерекше табандылық көрсетуі жұрттың өзгеше ашу-ыза тудыратын еді.
Ілмектер: табандылық, ашу, ыза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
Үрей – Рухтың дәрменсiздiгi салдарынан пайда болады.
Ілмектер: үрей, рух, нақыл, афоризм, қанатты сөз, дәрменсiздік Бенедикт Спиноза
Жапон қолынан шыққан әрбiр дүние – жапон рухының айшықты көрiнiсi.
Ілмектер: Жапон, қол, дүние, рух, көрініс, нақыл, афоризм, қанатты сөз Ясунари Кавабата
Батыс тәрбиесiн алған зиялыларымыздың аянышты жерi – рухани жақтан өз халқына өгей болып қалды.
Ілмектер: батыс, тәрбие, зиялы, рухани, халық, өгей, нақыл, афоризм, қанатты сөз Мұстафа Шоқай
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі