Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "әдебиет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, ана тілі, әдебиет, білім, саясат Мұхтар Әуезов
Халықтың рухани байлығы – оның тарихы, мәдениеті, әдебиеті.
Ілмектер: Әлкей Марғұлан, рухани байлық, Тарих, мәдениет, әдебиет Әлкей Марғұлан
Əдебиет дегеніміз — араласу. Əдебиет — қайта оралған балалық.
Ілмектер: әдебиет, балалық Жорж Батай
Əдебиет өзіне-өзі айыптау үкімін шығаруы керек.
Ілмектер: әдебиет, айыптау, үкім Жорж Батай
Ең ізгі əдебиетте де ессіз құштарлыққа орын табылады.
Ілмектер: әдебиет, құштарлық Жорж Батай
Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.
Ілмектер: әдебиет, дәстүр, тіл, талас Жак Деррида
Әдебиет, музыка, живопись — барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері — өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.
Ілмектер: Әдебиет, музыка, живопись, ата-баба, даналық сөздер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек.
Ілмектер: Әдебиет, ғылым, білім, тәжірибе, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.
Ілмектер: Әдебиет, адам, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Жақсы әдебиет — түзу айна, жаман әдебиет — қисық айна.
Ілмектер: әдебиет, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Әдебиет — өмір айнасы, ішті, сыртты бірдей көрсететін.
Ілмектер: Әдебиет, өмір, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.
Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы
Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді.
Ілмектер: әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көркем, нәзік Ғабиден Мұстафин
Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу.
Ілмектер: Әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие, жан, адам Ғабиден Мұстафин
Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады.
Ілмектер: Әдебиет, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тұрмыс, тұрмыс Ғабиден Мұстафин
Журналистика — жол үстіндегі әдебиет.
Ілмектер: Журналистика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әдебиет Оралхан Бөкей
Әдебиет шіpy заңынан алынып тасталған. Ол ажал заңын мойындамайтын бірегей.
Ілмектер: Әдебиет, ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак
Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет.
Ілмектер: Журналистика, әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Арнольд Мэтью
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі