Ел — теңіз, түбінде талай асыл жатыр.
Ілмектер: теңіз, ел, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Сүңгіп жүріп ердің ері табады.
Осы күнге дейін батырлық та, ерлік те, сұлулық та, ақылдылық та хан тұқымында деп келдік... Олар қара қазақтың бойына жараспайтын сияқтанып келді, сол ескі әдетпен кете беретініміз әлі бар...
Ілмектер: батырлық, ерлік, сұлулық, ақыл, хан, тұқым, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды.
Ілмектер: атақ, награда, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.
Ілмектер: Ұлтшылдық, сүйіспеншілік, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрмет Бауыржан Момышұлы
Құдайдан шын қорыққан адам басқадан қорқа алмайды, басқадан қорыққан адам құдайдан шын қорқа алмайды.
Ілмектер: қорқу, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Біз сияқты қырсыққа ұшыраған елде қадірлі адамдар елеусіз қала береді...
Ілмектер: ел, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Ақын адамдардың шаттығы — өлеңі.
Ілмектер: ақын, адам, шаттық, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Кімде-кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.
Ілмектер: мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Сауда тек қалта толтыруға, ғылым бас толтыруға жарайды.
Ілмектер: сауда, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Біздің патшалықтың барлық баспалдағында мәңгі өзгермейтін бір мінезі — өзінен өзгені өсірмейді.
Ілмектер: патшалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, баспалдақ Ғабит Мүсірепов
Қаламгерлер мен өнер адамдары — халық айнасы.
Ілмектер: Қаламгер, өнер, халық, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.
Ілмектер: сезім, күншілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күш-қуат Бауыржан Момышұлы
Фариза поэзиясының басты ерекшелігі — ақын ой мен сезімнің қалыпқа көнбей, қанатынан қан сорғалап тұрса да, биікке, заңғар көкке талпынып, шарқ ұрып, азаттық атты әулие ұғымның қасиетіне табынып, әуелей самғап, жан сырын ақ күміс теңгедей ашық шаша білуінде.
Ілмектер: Фариза, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақын, ой Күләш Ахметова
Сөз құдіретін еркін пайдаланған адам халқына өмірлік рухани азық, өзіне алтыннан ескерткіш қалдырып кетеді.
Ілмектер: сөз, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рухани азық, ескерткіш Ғабиден Мұстафин
Россия топырағында біздің демократияның тұқымы өсіп-өне қоймас...
Ілмектер: демократия, топырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы - қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма?
Ілмектер: Қараңғылық, надандық, азаттық, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білім, шапағат Абай Құнанбайұлы
Адам — бұл дүниедегi қонақ, оның өмiрi өткiншi, сондықтан ол артына жақсы iсi мен жақсы сөзiн қалдыруы керек.
Ілмектер: адам, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз Жүсіп Баласағұни
Жағымпаздық — бұл тiзе бүккен агрессия.
Ілмектер: Жағымпаздық, агрессия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Герхард Бранстнер
Бiз қаншалықты бiлсек, соншалықты iс тындыра аламыз. Бiлiм — күш.
Ілмектер: білім, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Герхард Бранстнер
Бiз достарды бәтеңке таңдағаннан да нашар таңдаймыз.
Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі