Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Қағаны батыр, ақылгөйі кемеңгер елдің бағы жанады.
Ілмектер: батыр, ақыл, нақыл, афоризм, ел Тоныкөк
Аңдар адамдармен өмір сүріп қолға үйренді, ал адамдар бір–бірімен араласа жүріп жануарға айналуда.
Ілмектер: адам, жануар, нақыл, афоризм Гераклит
Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.
Ілмектер: нақыл, афоризм, заң, ұрыс, дау, жақсылық Лао-цзы
Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм Махатма Ганди
Өз бетімен кеткен бассыздықты өрттен де тез сөндіру керек.
Ілмектер: өрт, бассыздық, нақыл, афоризм Гераклит
Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.
Ілмектер: білім, тәрбие, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.
Ілмектер: адам, ана, перзент, нақыл, афоризм Максим Горький
Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.
Ілмектер: әйел, ана, нақыл, афоризм Николай Пирогов
Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін.
Ілмектер: білім, оқу, оқыту, нақыл, афоризм Конфуций
Түнде ұйқы көрмедім, күндіз күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып — бәрі елім үшін!
Ілмектер: ел, нақыл, афоризм Тоныкөк
Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.
Ілмектер: кешірім, нақыл, афоризм Махатма Ганди
Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
Ілмектер: өнер, ақыл, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
Ілмектер: табиғат, ауыз, сөз, нақыл, афоризм Сократ
Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: - не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне, өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.
Ілмектер: қайталау, нақыл, афоризм, үйрету Ян Амос Коменский
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі - әлі тумаған адам, екіншісі - өлген адам.
Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, тауқымет, өмір, дүние Құтып
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі