Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.
Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень
Менiңше, әрбiр естi адам өзiнен жақсы кiсiнiң қасынан табылуға тырысады.
Ілмектер: есті, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон
Жақсы адамның сөзi де, ойы мен iсi де iзгi.
Ілмектер: жақсы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, іс Лао-цзы
Нашар адамдар оларды жақсы танығаннан ұтады, ал жақсылар -ұтылады.
Ілмектер: адам, жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Лихтенберг
Кейде адам деп жүргенiң, адамға ұқсас жәндiк болып шығады.
Ілмектер: адам, жәндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
Адамдар жақсылықты басқара алмаған және оны тиiстi дәрежеде пайдалана алмаған жағдайда, ондай жақсылықтан жамандық туындайды.
Ілмектер: адам, жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
Адамның ақыл-ойы тойымсыз. Ол тоқтай да, тыныштықта тұра да алмайды, ол үнемi алға ұмтылыста болады.
Ілмектер: адам, ақыл, ой, тыныштық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
Адам — жұмбақ. Оны шешу керек, ол жұмбақты өмiр бойы шешер болсаң, онда уақытым кеттi деп өкiнбе.
Ілмектер: адам, жұмбақ, өмір, уақыт, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский
Адам өз атынан сөйлегенде өзiне неғұрлым азырақ ұқсайды. Оған бетперде берiңiз, сонда ол бәрiне шындықты айтады.
Ілмектер: адам, бетперде, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд
Дарынды немесе лайықты адамның өсуiне кесе-көлденең тұрма.
Ілмектер: дарын, адам, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы
Өз сенiмiне сәйкес жүрiп — тұратын адамды парасатты адам деп ойлай салмаған жөн. Оның сенiмдерi парасатты ма — соны тексеру керек.
Ілмектер: сенім, парасат, ой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский
Адамдар не iстесе де, олар сайып келгенде өзiнiң ыңғайлы орналасуын тiлейдi.
Ілмектер: ыңғай, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
Заман өзгерді деп айту орынсыз, заманды өзгерткен адамдар тұрғанда.
Ілмектер: заман, адам, адамдар, қазіргі заман, қазіргі адамдар, заман мен адам
Адамдар қажетсiз болып қалған жұмысты iстеуге әрқашан әзiр тұрады.
Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин
Адамның сыртқы сұлулығы, егер ол ақылмен толықпаса, жануардыкiне ұқсайды.
Ілмектер: адам, сұлулық, ақыл, жануар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
Маған белгiлi бiр мағынада құл емес адамды көрсетшi.
Ілмектер: құл, мағына, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
Басқаларсыз да амалдай аламын деп ойлайтын адам өте қателеседi, бiрақ басқалар өзiнсiз iс тындыра алмайды деп ойлайтын адам одан бетер қателеседi.
Ілмектер: амал, адам, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
Адам неғұрлым ақылды, iзгi болса, соғұрлым басқалардан iзгiлiктi көбiрек байқайды.
Ілмектер: адам, ақыл, ізгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі