Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2405)

"қанатты сөздер" туралы Ұлағатты сөздер

"қанатты сөздер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қанатты сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.

Ілмектер: күншілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ішсем, жесем, ұйықтасам — тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен — жан құмары.

Ілмектер: ішу, жеу, тән, құмарлық, жан, білім, үйрену, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Құмарлық — нәпсі құлы.

Ілмектер: Құмарлық, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өзінде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.

Ілмектер: еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, азап, күндестік Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.

Ілмектер: ар, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ит, адам, ақыл, айла Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Дарақы мырзалықтан сарабдал сараңдықтың өзі артық.

Ілмектер: сараңдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Осыған күні бұрын көндіккен адам күні жеткенде шалдықпай көтереді.

Ілмектер: адам, көну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ащы айтты деп кінәлама ақынды,
Ащы сөздің түбі балдай татымды.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ащы Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Сөз сөйлеген жаңылар һәм адасар,
Есті естісе — түзеп-оңдап, қарасар.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есті Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.

Ілмектер: қол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады.

Ілмектер: Айуан, ұя, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам, жыртқыш Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

Ілмектер: сөз, таяқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Күллі сөзді жина — ақылға сыймайды,
Керек сөзді айтады тіл, тыймайды!

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіл Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Күндестік шырық бұзады.

Ілмектер: Күндестік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды
- Әдеті надан адамның.

Ілмектер: надан, көп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ілмектер: Қанағат, рақым, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Талап, еңбек, терең ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бес дұшпан Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Бірлік малға сатылса — антұрғандықтың басы осы.

Ілмектер: Бірлік, антұрғандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу — антұрғандық.

Ілмектер: Уайым, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, антұрғандық Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram