Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2914)

"нақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Таң қаласың: кез келген адам қанша қойы бар екенін жатқа біледі, бірақ қанша досы бар екенін айта алмайды. Сонда достық бағасы қанша?

Ілмектер: дос, достық, баға, қой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Ақымақпен адал да шынайы әңгіме жүргізу мүмкін емес.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әңгіме Мишель де Монтень
WhatsApp Telegram

Ізгі ісіңе мақтануды ойға алма,
Аш кісіні ойлай отыр тойғанда.

Ілмектер: мақтану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Кісі емес кісі таразының тұмсығы секілді: сәл нәрсеге — аспандайды, сәл нәрсеге — баспен қайғы.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таразы Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Сана — жалқы мен жалпының арасындағы байланысты көре алатын қабілет.

Ілмектер: сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қабілет Иммануил Кант
WhatsApp Telegram

Атақты деп атың шықса халыққа,
Масайрама, сол халықты налытпа.

Ілмектер: атақ, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Неғұрлым бар болса, соғұрлым жоғы да көп болады.

Ілмектер: бар, жоқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций
WhatsApp Telegram

Сараң болмау — байлық, шашпа болмау — пайда.

Ілмектер: сараңдық, сараң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, пайда Цицерон
WhatsApp Telegram

Өлім ұлыларға зиянын тигізе алмайды.

Ілмектер: өлім, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлы Овидий
WhatsApp Telegram

Кембағалға қарассаң,
Кемдігін айтып даттама.
Аш адамға ас берсең,
Жасытып арын таптама.

Ілмектер: ас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Өзге емес өзім айтам өз жайымда.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер Қасым Аманжолов
WhatsApp Telegram

Ақын деген барша жұрттың алдында ақ жанын айқара ашып тұратын адам.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Акутагава Рюнескэ
WhatsApp Telegram

Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел, тегі, алсын қайдан кемеңгерді.

Ілмектер: ұл, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кемеңгер Ілияс Жансүгіров
WhatsApp Telegram

Ащы тілді адам жабайы аңдар ішіндегі ең қанқұйлысы, ал жағымпаз — үй аңдарының ішіндегі ең қауіптісі.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жағымпаз, аң Диоген
WhatsApp Telegram

Ізгі адам мен міншіл адамның айырмасы сыйыр мен жыландай: сыйыр шөпті сүтке айналдырады, жылан сүтті уға айналдырады.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ізгілік, міншіл, жылан, сиыр, сүт, у, шөп Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Парыз!.. Сен мәртебелі де, ұлы сезімсің. Сен ғана адамды өзінен өзін биіктете аласың.

Ілмектер: парыз, сезім, мәртебе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иммануил Кант
WhatsApp Telegram

Қайыршыға қайыр күтіп бермейсің.

Ілмектер: қайыршы, қайыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Ақымақтың достары да кіл ақымақ боп келер.

Ілмектер: ақымақ, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Клод Гельвеций
WhatsApp Telegram

Адам өзіне өзі сенген уақытта ғана айтарлықтай бірдеңе тындыра алады.

Ілмектер: сенім, уақыт, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Людвиг Фейербах
WhatsApp Telegram