Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.
Ілмектер: ақыл, ақылсыз, адам, кітап Михаил Литвак
Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.
Ілмектер: мақтаншақтық, адам Франсуа де Ларошфуко
Қолынан іс келетін адам жасайды, ал келмейтін адам үйретеді.
Ілмектер: іс, адам Бернард Шоу
Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.
Ілмектер: бай, адам, жүк Жүсіп Баласағұни
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов
Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.
Ілмектер: көркі, адам, ағаш, жеміс Саиф Сараи
Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.
Ілмектер: отан, жүрек, адам, өмір Константин Паустовский
Дәреже адамның киімі секілді, қалай ұқыпты кие білсең, дәрежең де сол қалпы болмақ.
Ілмектер: дәреже, адам Бернард Шоу
Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.
Ілмектер: бақыт, сабыр, адам Франсуа де Ларошфуко
Адамның ақылы – ең ғажайып зат. Ол бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлесе де, ең соңғы минутқа дейін жұмыс жасайды.
Ілмектер: ақыл, адам Марк Твен
Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.
Ілмектер: тәуелсіз, табиғат, адам Люк де Копье Вовенарг
Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады.
Ілмектер: тәуелсіз, пікір, адам, бағынышты Георгий Александров
Адам өзін құрметтеуге тиіс.
Ілмектер: адам, құрметтеу Максим Горький
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.
Ілмектер: ұстаз, мұғалім, адам, адамшылдық Абай Құнанбайұлы
Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты.
Ілмектер: тәуелсіздік, адам, бақыт Цицерон
Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған.
Ілмектер: тәуелсіздік, адам Спартак
Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды.
Ілмектер: адам, депрессия, ойлау Михаил Литвак
Жек көру - бейшаралықтың, кейде ақыл жұтаңдығының бетке ұстаған пердесі, жек көру дегеніміз - мейірімнің, ақыл мен адамдарды түсінудің жетіспеушілігінің белгісі.
Ілмектер: жек көру, ақыл, мейірім, адам Альфонс Доде
Адамдардың сыпайыгершілікке уақыты жетпейтіндей өмір соншалық шолақ емес.
Ілмектер: сыпайыгершілік, өмір, адам, уақыт Ральф Эмерсон
Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.
Ілмектер: махаббат, адам, тұрақтылық Ілияс Есенберлин
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі