Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"жан" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жан" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ақыл - жан қуаты.
Ілмектер: ақыл, жан, қуат Абай Құнанбайұлы
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи
Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ.
Ілмектер: тіл, жан Базар Оңдасұлы
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
Ілмектер: тән, жан, сұлулық, қартаю Бөкен би
Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады.
Ілмектер: шай, жан, жұмыс Лев Толстой
Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.
Ілмектер: жан, жағу Абай Құнанбайұлы
Өлгендер қайтып келмейді,
Ілмектер: өлім, жан Қорқыт ата
Шыққан жан қайтып енбейді.
Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
Ілмектер: ауыз, қол, жан Мұхтар Әуезов
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Ілмектер: тіл, жұрт, жан Халел Досмұхамедұлы
Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.
Ілмектер: адам, сұлу, жан, киім Антон Чехов
Жазғы салқыннан жаныңды аяма.
Ілмектер: жаз, салқын, жан, аяма Әзілхан Нұршайықов
Әрбір істің жаны - оның бітірілуінде.
Ілмектер: іс, жан Шыңғыс хан
Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.
Ілмектер: әйел, жан, сүю Михаил Лермонтов
Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
Ілмектер: үміт, жан Бауыржан Момышұлы
Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?
Ілмектер: ұлт, жан, тамыр Мұхтар Әуезов
Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан
Ілмектер: Достық, жан Аристотель
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі