Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"тіл" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "тіл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Тіл – көңілдің ашқышы,
Ілмектер: тіл, білім Ғұмар Қараш
Көңіл – жарық, жан – қия.
Білім – бақыттың басқышы,
Қараңғыда жол қия.
Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады.
Ілмектер: тіл Ғабит Мүсірепов
Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.
Ілмектер: тіл, қазақ тілі, түрік тілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Ілмектер: ана тілі, тіл, ұлт, тарих, халық Шерхан Мұртаза
Сөз көбіне - көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен (вокабул) алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді.
Ілмектер: сөз, тіл, вокабул Олжас Сүлейменов
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
Ілмектер: тіл, ер Иүгінеки Ахмед
Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
Ілмектер: тіл, тәрбие Махмұд Қашқари
Тіл - жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары.
Ілмектер: тіл, тарих, ақпарат Олжас Сүлейменов
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
Ілмектер: ел, тіл, қадір-қасиет Жүсіп Баласағұни
Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Ілмектер: сөз, сайыс, тіл Тоқсары
Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі.
Ілмектер: тіл, халық, жол, ғұмыр, тарих, куәгер Сарсен Аманжолов
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Ілмектер: ана тілі, тіл, қазына, ұрпақ Жүсіпбек Аймауытов
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ілмектер: ана тіл, тіл, халық, адам, мәдени мұра Ғабит Мүсірепов
Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Ілмектер: ана тіл, тіл, асыд, масыл Қадыр Мырза Әли
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ілмектер: ана тілі, тіл, дүние, халық Жүсіпбек Аймауытов
Жазба әдебиет тілі - мемлекеттіліктің бірінші айырым белгісі.
Ілмектер: әдебиет, мемлекет, тіл Олжас Сүлейменов
Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.
Ілмектер: жүрек, ақыл, тіл Жан-Жак Руссо
Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!
Ілмектер: тіл, нан, Қазақ Асылы Осман
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ілмектер: халық, тіл, ана тілі, жастар, білім, мәдениет, тіл туралы Ахмет Жұбанов
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі