Аяулы Анам
Сыйлаған өмір маған,
Пейішім, жаным Анам.
Тәңірден бар тілерім,
Жадырап жүрші аман..
Мақалалар Өлеңдер Ұлағатты сөздер
Оразбай Сарыбаев жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Сыйлаған өмір маған,
Пейішім, жаным Анам.
Тәңірден бар тілерім,
Жадырап жүрші аман..
Бізге жетпей қалғаны
Махаббат па, мезгіл ме?
Көзге сыймас сағыныш,
Сен де сездің бе?
Әлдилеп жанды,
Құшағына алса қара жер,
Тозған бір тастың
Маңдайын сипар самал жел.
Жұлдызым сөнбей,
Кешірсең егер өткенді,
Кешікпей тұрып,
Ажалдан бұрын хабар бер.
Тіршіліктің жүгін тартып келемін,
Шаршап кейде, терең ойға енемін.
Мынау қатал, түсініксіз дүниеде
Көңіл шерін кімге барып төгемін?
Аттадың жат жұрттың ақ босағасын,
Гүлім-ау, көңілің еш босамасын.
Барасың аналардың жолын жалғап,
Қуантып екі елдің қос анасын.
Тұншығып,
Бұлқынсам да тынып демім,
Ішімді өртеп барады
Күйік шерім.
Айтқым кеп тұрса-дағы
Ұнатам деп,
Жеңілдім өзімнен мен
Жетпей сенім.
Көлеңке боп
Түсем түннің түбіне,
Теңіздейін
Тереңіме құнықсаң.
Қиял жалын
Безінбесе егерде,
Мың құбылған
Дүрсілдеген ғайыптан.
Адамға арман аманат сынды,
Ішінде сақтар шырақтай нұрды.
Сол нұрды сөндірмей өтсем екен,
Қуана сүйіп мына бір ғұмырды.
Егер бір күн жолым да бітсе кенет,
Жарты жыр боп әлі де жазылмаған,
Сен адам боп өттің өмірден деп,
Өмір, сонда бір ауыз айтшы маған.
Тілдескен мен
Өзімді езген түнмен,
Таңбасам да шығарар емес
Қараңғы іннен.
Нақ қояр ем нарқыңды
Болсаңшы қимасым,
Кешсе де күйімді,
Әлі де безінбеген.
Бақыт деген
Бір-ақ сәттік тыныштық,
Бірде тіпті
Көз жасы мен тұр құшып.
Жетпей қалсам,
Өкініштен жыламан,
Сол арманның
Өзі маған ып-ыстық.
Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе ендім бе шексіз есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.
Үзілер қалай көңіл күйбеңнен,
Ғашықтық сырда төзім иленген.
Қағбасы қымбат, күмбезі биік,
Жете алмай жүрмін уәзірлеріңнен.
Қай жерден, кім білсін, қателестік,
Армандарды аңсама жетер естік.
Бір өзенге құя алмай тасқын жүрек,
Жағалауда кете ме амал нешік.
Күн батады баяу ғана жоталардан,
Көңіл шіркін кетпейді сол алаңнан.
Ескі үйім қазынам, мәңгі өшпес,
Ғұмыр сазы сыңғырлап түп санадан.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі