Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Битекенова Элеонора Қазбекқызы
Қазақстан Республикасы, Атырау қ.
Аннотация. Мақалада қазақ хандығының құрылуы баяндалады. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени, рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және XІV-XV ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы болып табылады.
Негізі сөздер: қазақ хандығы, құрылу тарихы, мәдениет, тарих, этникалық процес.
Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық. Қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп - ғұмыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз болды.
Сондай-ақ, қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше. Сондықтан да қазақ хандығының құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес, жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі республикамыздың халықаралық аренадағы ролін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы ролімен көзге түсуде. Міне, сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің XV ғасырдағы бір көрінісі, бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы, оның құрылуы кімді болса да қызықтырары анық. Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
Керей мен Жәнібек сұлтандарды Есенбұға хан әуелі өзінің қол астына көшіп келген билеушілер ретінде танығысы келді. Алайда, көшіп келушілердің көптігі және олардың Жетісу қазақтарымен ынтымағы жаңадан құрылған саяси ортаны тез арада тәуелсіз бірлікке айналдырды. Хандыққа Керей (ұлы хан) мен Жәнібек (кіші хан) сайланды. Қазақ хандығының жариялану жылын ортағасырлық тарихшы М. Х. Дулат 1465 ж. деп көрсеткен. Қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының тарихындағы аса маңызды белестің бірі. Небәрі 10 жыл көлемінде (1459–1470ж. ж.) қазақтар Орталық Азия елді біріктіре алған қуатты ұлттық мемлекет құрды.
Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады. Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ, ол мынадай факторлардан тұрады:
1. Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары
2. Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары.
3. Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері.
4. Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар.
Бұл көрсетілген факторларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу бізге қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсінуге мүмкіндіктер береді. Енді қысқаша түрде осы факторларға назар аударсақ. Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы. Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ, мемлекетті этностар туғызады. Ал, мемлекеттер этностың дамуына, өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен қазақ хандығына қолданып көрсек, онда қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады.
Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы, ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465 – 1466 жылдар деп жазады. Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465-1466 жылдары Қозыбасында қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей, Жәнібек сұлтандарының екеуінің де отыруға құқығы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына жасы үлкен Керей отырып билік тізгінің қолға алды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханының бел баласы, Керей хан болса, Барақ ханның ағасы Болат сұлтанынның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта – үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып ойдағыдай жүргізген.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы қазақ хандығының ішкі феодалдық қырқыстар мен талас – тартысты тоқтатты. Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеп соғатын тайпаралық қақтығыстарға тыиым салынды. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке – бірлік кең өріс алды. Қазақ хандығының нығайуы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады. Шаруалар дер кезінде өріс-қонысқа, жайлау мен қыстауға көшіп – қонды. Бейбіт өмір, мамыражай заман орнады. Сөйтіп, қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты.
Міне, Керей мен Жәнібек хан құрған Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі қазақ елі ХХ ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті. Мойны бұғаудан босады. Біз тәуелсіз ел болдық деп мінбеден сөйлеп, биік-биік тұғырдан көріндік. Қазақ хандығының 550 жылдық тойының атап өтілуі де халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Қазақ хандығының құрылуын осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік - экономикалық және этно - саяси процесстердің заңды қорытындысы деп санауға болады. XV ғасырдың 60 жылдары қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуды мекендеді. XVI - XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнатты. Ұлан байтақ елімізге, жерімізге жан - жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі XVI - XVIII ғасырларда жоңғарлардың шапқыншылығы болды. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Баян батыр секілді көптеген батырлар Абылай ханның ақ туының астына бірігіп, Жоңғар шапқыншылығынан қазақ жерін толық азат етті. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтары, батыс пен солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, орыс казактары үнемі шапқыншылық жасаумен болды. Қазақ хандығының құрылу кезеңін баян еткен шығыс жылнамалырын талдап шыққан ресейлік зерттеуші Т. Сұлтанов Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханның бөлініп шығу жылын Һижраның 864/1459-60 жж. Деп көрсеткен болатын.
Қорытындылай келе, қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қиын кезде Әбілқайыр хан бастаған қазақ сұлтандары, билері мен батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиғалар. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың ірге тасы. ”Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды” деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Қозыбасыға орналасып, Қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр.Олай болса, мереке баршамызға құтты болсын. Ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болайық!. Қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен жүгіруіміз керек. Мың жаса тәуелсіз Қазақ Елі!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі