Табыстырып махаббат-алау, жалын,
Орындапты екі жас пәк арманын.
Біріңді-бірің сүйіп, отау құрдың,
Құтты болсын алғашқы қадамдарың.
Өмір-керуен,
Әлі алда сынар күн,
Көрініңдер қасынан жақсылардың.
Ақ батамды беремін қос батама,
Бір құдай мен құдама тапсырамын.
Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,
Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.
Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,
Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.
Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,
Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,
Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!
***** ***** ***** ***** *****
Әкесіне – ұл айбын,
Шешесіне қыз – айдын.
Келінді сүйіп маңдайдан,
Бергені деп құдайдың.
Бағын аш деп Алладан,
Амандығын сұраймын.
Көсегесі көгеріп,
Бала-шаға көп өніп,
Өндірдей екі өркенің,
Қуанышын көрейік,
Батамызды берейік.
Тоймен өтсін талай күн,
Тең-құрбыдан қалыспай,
Алды болсын талайдың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі