Жаһандану - адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Даму арқылы адамзаттың өміріне айтарлықтай ықпал етеді. Жаһандану, даму, болшаққа деген қадамдар, барлығыда адамзат өмірін жеңілдету, қолайлы ету үшін жасалынып жатыр. Адамзат ойлап тауып, құрастырып, пайдаланып, зиянын тигізіп алып та жатыр. Бұл тайға таңба басқандай қазіргі таңда болып жатқан үдеріс. Яғни, адамзат үшін күнделікті қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай.
Айта кетерлік, жетістіктердің көбісі технология саласында кең өріс алып тұр. Әлеуметтік желі аясының кеңеюі, оны пайдаланушылардың көбеюі, тұрмысқа қажетті техниканың күннен күнге саны өсіп, әр салада пайдалануда. Адамзатқа қаншалықты пайдалы және жағымды болғанымен, басқа салаларға оның ішінде, экология саласына соншалықты зиян келтіріп жатыр.
Жаһанданудың бірден-бір жетістігі ол «ЭКСПО-2017» көрмесі. Осы арқылы еліміз өзге елдерге танылды. Тек көрме арқылы ғана емес спорт және өнер жағынан да жетістіктеріміз жетерліктей. Осындай жетістікке жету үшін қаншама адамның еңбектері төгілді. Сол арқылы жетістіктеріміздің саны күннен-күнге өсіп, әлемдік дәрежегеде ақырындап қол жеткізудеміз. Қазақстанда жеңіл көліктер, ұялы телефондар, тұрмыстық жабдықтар сұранысқа ие. Қолданысы жағынан рөлі айтарлықтай жоғары болып тұр. Мысалы, адамдар көліксіз жүре алмайтын, ұялы телефонсыз ешкімнен хабар ала алмайтын, техникалық тұрмыс жабдықтарсыз үй тазалығын жасай алмайтын жағдайға жетті. Осылардың біреуі болмаса өміріміз қараң секілді. Өйткені, біз уақыт өткен сайын осы дүниелерге тәуелді болып қалғандаймыз. Тәуелді болудың кесірінен өміріміздің мәні құр босқа өтіп бара жатқандай.
Пенде болған соң, әр нәрсенің өзімізге пайдалы, ыңғайлы, жайлы жағын іздеп және қалап тұрамыз. Өзімізге пайдасын ойлап жүріп, зияны қалай тиіп жатқаның аңғарамаймызда. Жаһандану үрдісін қазіргі таңда екі тарапқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - экономикалық жаһандану, екіншісі - мәдени жаһандану.
Біріншіден, жаһандану жалпы әлем бойынша болып жатқан үрдіс. Сондықтанда, барлық адам бұл үрдіске бейімделуде. Экономикалық жаһанданудың ерекшеліктері-тілдердің біркелкілігіне қарсылық, әр елдің діні мен мәдениетін сақтап қалу жолдарындағы ревалюциялар. Осы екі саланың жиынтығы-саяси жаһандану. Бұл салада халықаралық және аймақтық ірі ұйымдар ерекше рөл атқарады. Осы үш саланың артықшылығы - адамдар арасындағы бәсекелестік, кейбір елдердің артта қалып, мүмкіншілігінің азаюы. Яғни, дамыған елдердің осы үш салада қарқынды дамып, ал әлсіз елдерге мүмкіндік бермеуі. Бұл да бір елдің өзінен-өзі жойылып кетуіне себеп болып отыр. Жалпы осы дүниежүзінде елдер арасындағы бәсекелестік көкке жеткендей. Бір ел екінші елден асып түсетіндей жаңашылдықтарды ойлап табуда. Оның пайдасы мен сұранысы жоғары болғанымен, халыққа тигізер зияныда жоғары екені айдан анық.
Қазіргі таңда халық арасында өзге елге еліктеушілік деген нәрсе басымырақ. Көбіне өзге елдің әртістеріне ұқсау, солар секілді киіну, шаш үлгісін өзгерту жасөспірімдер арасында белең алуда. Тағыда бір айта кетерлік жағдай ол өзге елдің тамағын шектен тыс қолдану. Бұл түрлі ауруларға, семіздікке алып келетінің естен шығармаған дұрыс.
Өзге тілге қызығу біздің ана тілімізді ұмыттыруға әкеледі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей біздің ана тіліміз әрқашанда бірінші орында тұруы тиіс. Сондықтан да, өзге тілге қызығып өз тілімізді ұмыту бұл үлкен қателік.
Жаһандану арқылы өз мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізе білу осы нағыз жетістіктердің бірі. Осы жетістік жолында аянбай еңбек ету, әр адамның өз қолында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі