Қарындастың туған күніне арнау
Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!
* * * * *
Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!
Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
* * * * *
Аққудың - ақтығын
Өмірдің - пәктігін
Арманның - ажарын
Бақыттың - базарын
Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін
* * * * *
Туған күнге құттықтау мен тілектер
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
* * * * *
Дастан, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!
* * * * *
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы - өнерлі бол.
Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!
Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей
* * * * *
Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
* * * * *
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
* * * * *
Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілейміз.
Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын
* * * * *
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
* * * * *
Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.
Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!
* * * * *
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
* * * * *
Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.
* * * * *
Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
* * * * *
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!
* * * * *
* * * * *
Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!
* * * * *
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
* * * * *
Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.
* * * * *
Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!
* * * * *
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
* * * * *
* * * * *
Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.
* * * * *
Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!
* * * * *
Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.
* * * * *
Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!
* * * * *
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.
Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
* * * * *
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды - оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді - олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
* * * * *
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.
Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!
* * * * *
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
* * * * *
Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін
* * * * *
Құрметті досым, сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
* * * * *
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Тұсау кесер тойына құттықтау, тілектер
Туған күнге арналған құттықтау суреттер
Туған күнге құттықтау мен тілектер
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер 1
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер 2
Туған күнге арналған құттықтау суреттер 3
40-тан асып бара жатқан құрбыма - құттықтау
50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар
Досымның 50 жасына - құттықтау
Әріптестің 55 жасына құттықтау
Досымның 60 жасына - құттықтау
Әріптестің 60 жасына құттықтау
60 жасқа толған апайға (әпкеге) құттықтау
Ана 70 жас туған күнің құтты болсын!
Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!
Әріптес туған күнің құтты болсын!
Немере туған күнің құтты болсын!
Құда, құдағи туған күнің құтты болсын!
Ата туған күн құтты болсын! Құттықтау, тілек
Асыл аға туған күн құтты болсын!
Досқа арналған туған күнге құттықтау-тілектер
Інім туған күнің құтты болсын!
Ата, апа туған күн құттықтау, тілек
Жан әпке туған күн құтты болсын!
Балам туған күнің құтты болсын!
Әже, апа туған күнің құтты болсын!
Аяулы әке, Ата туған күн құттықтау, тілек
Мама туған күнімен құттықтау, тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сырга
5 жасар кызга туылган кунине тилек керек еди
Батихан
керемет тилектер
Клара
журектен шыкан тамаша тилектер
Данияр
Мындагы тілектер оте тамаша.Более иниме құттықтау тілек керек единственный
Ғалия
Тамаша. ИЯ жүректен айтылған осы тілектерді сіңілім Салтанатқа тілеймін
Сайт керемет!!
Қажетті сілтемелерге үлкен рахмет!
аза
Атама олен керек ед жазыныздар
Samina
Өлеңдер бөліміннен қарап көруге болады. Немесе "ата" ілмегіне қатысты өлеңдерден де қарап көруге болады.
Гүлмира
Іздегенімді таптым, рахмет сіздерге!
ЕРЛАН ЖАНАР
Мен осы тілекті дүниедегі ең асыл жандарға тілеймін!!!!
Меруерт
Өте тамаша!!!!!
Акбота
рахмет
Индира
Жақсының аты ғалымның хаты өлмейді деген осы.керемет.қазақтын мәнді де сізді сөздеріне не жетсін
Айдана Меденова
Не мынау
Жанат
Керемет тілектер
Дина
Маган оте унады
райхан
Тамаша тілектер, керек кезде қажетіме жарады
кенже
Меним конилимнен шыкты.жаксы
Бекнұр
Бүгін туылғандардың туылған күні құтты болсын!!!!
Мәке
рахмет! Көмегі тиді
дина
керемет тілектер.маған ұнады
Жанка
өте тамаша не деген тілектер . Жүгегімді жібіп жіберді
Айгерим
Оте тамаша тилектер екен маган анага тилек керек еди ягни (енеге)
Арайлым
Жақсы шыгыпты тагыда тілектерді басқаша етіп шығар керек
Меруерт апай
Тілектер көп оны айта білу керек
Гүлжамал
Өте тамаша жазылган тілектер
Ержан
Ұят нәрсе ғой мына тақпақтарға 5 жыл болды...Қазақтар өлең жаза алмай ма, толықтырып жаңадан тақпақтар салсаңдаршы
Дәмелі
Ержан, мықты болсаң жассай ))))
Адильбекова Каракат
Акешим туған куниниз кутты болсын досм 100 ге толініз жасыңыз ұзақ деніңіз сау болсын сизли 49 жас мереитоиынызбен куттыктаимын
ДИДАР ІНІМ ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН . ТЕК ҚАНА БПҚЫТ Т
НҰРҒАНЫМ
Аманай
Анамнын туылган кунине тилек жолдары болса жазып жибересиздерме
Айжан
Керемет
Нуртас
Туған күнінмен
Асыл
Өте керемет жазылған тілектер.Маған қатты ұнады.
Раушан
Өте керемет тілектер жаи тілек емес мəнді де мағаналы .
Раушан
Өте керемет
Нурсултан Ерсултан
Оте жаксы
Көркем
Керемет құттықтаулар мен ітілектер екен! Туылған күндерің құтты болсын!
Жанар
ҚҰТТЫҚТАИМЫН
Мадина
керегіме жарады, дайындағандарыңызға мың алғыс
Гауһар
Өте керемет тілектер . Маған қатты ұнады. Рахмет
Myrza
adorably
Сәке
Керемет тілектер екен, баршаның туған күні құтты болсын! Баршаға денсаулық, мол бықыт, сыни ойлау, ақты қарамен ажырату нәсіп болсын! Еліміз тұрақтылықтан арылып, прогрессивті дамуға ұмтылсын! Адамгершілігіміз мол болсын! Бір бірімізге зиянымыз тимесін. Біреуден көріп емес, өз ойымызбен, ішімізден игі іс жасау да баршамызға нәсіп болғай, риядан да аулақ болайық. Барлық жақсы қасиеттерге ие болып, барлық ластықтан, жамандықтан тазарайық!!!
Жансая
Маган қайын ініме туган күнине бир әдеми. Терен магынал тілек болса.
Еркеназ
Керемет
Қазына
Керемет бірақ қысқа нұсқа болса еді
Myrza
Өте тамаша!
Бегзат
тілек шығарып беріңіз
Мадияр
Туған күн
Таншолпан
Кайын синилим
Тимур
Келиншегиме тилек керек
Тимур
Жан жарыма тилек керек
Нұртас
Оте керемет !!Рақмет
Каусар
Оте оте кереметттттт
фатима кунанбайева
керемет акыл ушин рахмет акыл консын балдарга
Байсеитова Феруза
Туған күн ге арналған тілек
Динара
Өте керемет
Кәусар
Өте керемет жарайсыздар
Зайнаб
Дина мен сены,туган кунмет кутыктайм омырын узак болсын
Бақдаулет
Туған күніңмен денің сау болсын жүзіңнен күлкі кетпесін мерейің үстем болсын қайда болсаңда аман бол
Дархан
Туған күнге әдемі құттықтаулар!
Нұлан
Туған күнге арналған жаңа тілектер! Өте керемет жарайсыздар!
Омар
Барлық нәрсе бар екен, рахмет!!
Замир
Туған күнге ең әдемі, ең мағыналы тілектермен құттықтаулар екен, керегін құрастырып алдым
Акерке
Ең әдемі құттықтаулар
Омар Ж
Ең әдімі құттықтаулар
Марат
Тылған ба туған ба?
Юля
Марат, туған деген нұсқасы дұрыс
Абхаз
Умшира удсныхьелот
Адыгей
Укъызыхъугъэ мафэмкІэ сыпфэгушІо!
Азербайджан
Ad günün mübarək
Албанский (гегский диалект)
Gzuar Dit-lindjën
Албанский (тоскский диалект)
Gëzuar Ditëlindjen
Сакен
Әкеге тілек жазыңдарш маған
Айша
Жоғарыда барлық тілкетер бар сілтеме арқылы өтсең болды
Аяжан
Туған күнге арналған ең керекті тілектер екен!
Арайлым
Рахмет
Ерлан
Пайдама жарады, рахмет
Әбіләз
ең керекті тілектер
Дастан
Ең әдемі тілектер!!!!
Айзере
Казыр 1 сагаттан кейын туган кун болды
Бырактылектер кушты унады мен быреуын курбыма тауып берды тылектер кушты шын журектен жазылган
Аяна
Туылған күнге тилек болса
Алмат
Керемет, ұнады, туған күнге тілектер
Күз келді
Өте керемет Өте керемет Өте керемет
Арыстан
Өте керемет Өте керемет Өте керемет
Ернұр
Туған күнге ең әдемі, ең мағыналы тілектермен құттықтаулар екен, керегін құрастырып алдым
Туған күнге арналған тілектер
Туған күнге арналған тілектер
Туған күнге арналған тілектер
Туған күніңмен! Әр күн жақсылыққа, позитивтілікке, махаббатқа және жағымды эмоцияларға толы болсын. Барлық армандардың орындалуын және сол әдемі адам болып қалуына тілеймін! Сізді тек адал, мейірімді және ақкөңіл адамдар қоршап алсын. Күннен-күнге дамып, жақсарып, өміріңізді ұмытылмас сәттермен толтыруды тілеймін.
* * * * * *
Туған күніңмен құттықтаймын! Бүгін сізге көптеген жылы сөздер айтқым келеді. Мен сіздің арманыңыздың әрдайым орындалуын, қуанышты, жағымды сәттердің күн сайын сіздің өміріңізде болуын, достар тек сенімді, әрқашан көмектесуге және қуанышты бөлісуге дайын болуын тілеймін. Көңіл-күйіңіз керемет болсын, бұл күн жарқын және ұмытылмас болсын! Сәттілік сіздің барлық бастамаларыңызбен бірге болсын!
* * * * * *
Туған күніңмен! Әрбір жаңа күнін жақсы көңіл күйден басталсын! Жақсы денсаулық тұрақты серік болсын, сәттілік әр бұрышта күтсін! Армандауды тоқтатпаңыз және әрқашан керемет түрде ең керемет тілектерді жүзеге асыру мүмкіндіктері болсын!
* * * * * *
Бүгін, сіздің туған күніңізде, мен сізге ең жақсы, ең маңызды, ең басты нәрсені тілеймін. Ең жақсысы-қоршаған орта, оларды қолдау және түсіну. Ең бастысы — денсаулық. Ең бастысы-қаржылық әл-ауқат пен тәуелсіздік. Барлық армандар орындалсын және барлық есіктер ашық болсын!
Туған күнге арналған тілектер
Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Туған күнге арналған тілектер
уған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Туған күнге арналған тілектер
Туған күн — ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Туған күнге арналған тілектер
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік, Тұрсын алдан арайланып таң күліп, Бақыт болсын әрқашанда жолығар, Шаттығыңыз тау суындай молығар. Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім…Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..
Туған күнге арналған тілектер
Апа туған күніңіз құтты болсын өмір жасыңыз ұзақ болсын бақытты болыңыз әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін бақыттың базарында алланың назарында жүре беріңіз мен сізді жақсы көрем ❤аспанда қанша жұлдыз бар сонша бақытыңыз болсын жаным апам. Біз сізді құрметтейміз
Туған күнге арналған тілектер
Құтты болсын туған күнің жан досым! Қуанышта, сәтті атсын таң досым! Бар жақсыны мен өзіңе тілеймін, көңіл күйің көтеріңкі, бар болсын! Досым саған бар тілерім бақытты бол, отбасың, бала-шағаң аман болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Арайлап атар әрбір таңың қуаныш пен бақыттың таңы болсын! Қызарып батқан әрбір күнің ырзық несібеге толы болсын! Өмір жасың ұзақ болсын, досым! Жаның жамандық көрмесін! Көңіліңді көтеріңкі күйде болсын! Өмір жасың ұзақ болсын!
Досым, туған күніңмен құттықтаймын!
Асыл досым, бүгінгі туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Армандарың орындалып, діттеген мақсаттарыңа жете бер! Өмір жолың ашық болсын! Сүйгеніңе сүрінбей жет! Ата-анаңды қуантып, денің сау болып, елің үшін қызмет етіп жүре бер! Биіктерді бағындырып, абырой беделің асқақтай берсін! Көңіліңді мұң шалмасын! Қуанышты да бақытты күндерің көп болсын, досым!
Туған күніңмен құрдасым!
Туған күніңмен құттықтаймын, құрдасым! Саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын, құрдасым! Өмірде әттең-ай деген сәттеріңнен шіркін-ай дегізер бақытты сәттерің көп болсын! Қуанышты күндерің көп болып, көңіліңді мұң шалмасын құрдасым! Бақыттың базарында, қызырдың назарында бол! Жүзіңнен нұр таймасын! Отбасың мен жаныңа жақын жандарың аман болсын!
Құрдасым туған күнің құтты болсын!
Құрдасым бүгінгі туған күнің құтты болсын! Саған зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін! Өмір атты кемеңнің сапары оңынан жалғасын таба берсін! Әрбір атар таңың бақыт пен шаттыққа толы болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін, құрдасым! Отбасың аман болып, жаныңа жақын жандарың ортасында сен де аман есен жұлдыздай жарқырап жүре бер! Еңбегіңнің жемісін көріп, биіктерді бағындыра бер, құрдасым! Ғұмырлы бол!
Құтты болсын туған күнің құрбыжан!
Құтты болсын туған күнің құрбыжан! Саған өмірдегі барлық әдемілікті тілеймін! Гүлдей жайнап, көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, мәз болып, алтын күздей жарқырап жүре бер, құрбым! Қыстай мықты денсаулық тілеймін! Өмірің ұзақ болсын! Әрбір күнің қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Бақытты бол, құрбым! Өмірдегі өз орныңды тауып, ардақты жар, аяулы ана атана бер құрбым! Алар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын! Қанаттарың талмасын! Бақытты бол, құрбым!
Құрбым, бүгінгі туылған күніңмен құттықтаймын!
Құрбым, бүгінгі туылған күніңмен құттықтаймын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Отбасың, бала-шағаң аман болсын! Арманның ауялысын, бақыттың баяндысын тілеймін! Балаларың биік белестерді бағындырып, сендерге қуаныш сыйлай берсін! Арайлап атқан әрбір таңың бақыт пен шаттыққа жалғаса берсін! Жаратқан иеміз жар болып, барлық жақсылықтар орнай берсін! Көңіліңді мұң шалмасын, құрбым!
Туған күнге арналған тілектер
Туған күніңіз құтты болсын ағай! Атар ақ таңыңыз сізге шапағатын сыйлай берсін! Шәкіттеріңіз биік белестерді бағындырып сізді қуанта берсін ағай! Деніңізге саулық, отьасыңызға амандық тілеймін! Еңбек жолында абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын! Жастан жасқа аман есен жетіп, ортамызда күліп ойнап жүре беріңіз ағай! Жүзіңізден күлкі кетпесін! Әрбір күніңіз сәттілікке толы болып, бақытты шақтарыңыз көбейе берсін!
Туған күнге арналған тілектер
Жан дүниесі сүлу, бауырмал, қамқор ағамызды туған күнімен құттықтай отырып, абзал азаматтық, абыз ақсақалдық, өнегелі өріс, мерейлі мереке, дастарханға береке, көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
Өміріңіз нұрлы, өңіріңіз гүлді болсын!
** * * * ** ** ** **
Туған күнің құтты болсын!
Отбасыңды жақсы қадамынмен қуанта бер, қолтығыннан Қыдыр баба демесін, ғұмыр жасың ұзақ болып, жарқын болашақтың куәгері болғайсың! Ата-ананның ғана емес, еліңнің арқа сүйер азаматы боп, биік шыңдардан көріне бер.
** ** ** ** ** **
Сіздің күлімдеген нұр жүзіңізді мұң шалмай, көрер қызығыңыз көп болып, бақытыңыз баянды болсын деп тілек арнаймыз. Өмір сізді жақсылық пен қуаныш арнасында шалқытып, бақыттың есігін айқара ашсын.
Туған күнге арналған тілектер
Жан дүниесі сүлу, бауырмал, қамқор ағамызды туған күнімен құттықтай отырып, абзал азаматтық, абыз ақсақалдық, өнегелі өріс, мерейлі мереке, дастарханға береке, көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
Өміріңіз нұрлы, өңіріңіз гүлді болсын!
** * * * ** ** ** **
Туған күнің құтты болсын!
Отбасыңды жақсы қадамынмен қуанта бер, қолтығыннан Қыдыр баба демесін, ғұмыр жасың ұзақ болып, жарқын болашақтың куәгері болғайсың! Ата-ананның ғана емес, еліңнің арқа сүйер азаматы боп, биік шыңдардан көріне бер.
** ** ** ** ** **
Сіздің күлімдеген нұр жүзіңізді мұң шалмай, көрер қызығыңыз көп болып, бақытыңыз баянды болсын деп тілек арнаймыз. Өмір сізді жақсылық пен қуаныш арнасында шалқытып, бақыттың есігін айқара ашсын.
Туған күнге арналған тілектер
Туған күн - ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
Туған күнге арналған тілектер
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Аспаның айлы түндей ашық болсын, Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын. Айта берсек тілек көп таусылмайтын, Жаза берсек қалам көп майыспайтын. Жүректегі тілекті өлеңменен Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол, Екінші - тіл мен көзден аман бол, Үшінші - берекелі, беделді бол, Төртінші - арыстандай айбатты бол, Бесінші - ақылды, қайратты бол. Алтыншы - өнерлі бол.
Аққудың - ақтығын Өмірдің - пәктігін Арманның - ажарын Бақыттың - базарын Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін
Мерей❤❤
рахмет, керемет
Толғанай
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
Толғанай
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын, Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Толғанай туған күн құттықтау туған күн құттықтау
Туған күніңмен! Денсаулық, табыс, өркендеу және үлкен адам бақытын тілеймін!
Туған күніңмен, Туған күнге тілек, Туған күнге тіл
Туған күн иесіне жаттанды құттықтауларды айтудан шаршағандар назарына еш жерде қайталанбайтын ерекше тілектер топтамасы.
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші – тіл мен көзден аман бол,
Үшінші – берекелі, беделді бол,
Төртінші – арыстандай айбатты бол,
Бесінші – ақылды, қайратты бол,
Алтыншы – өнерлі бол.
Аққудың ақтығын, Өмірдің пәктігін, Арманның ажарын, Бақыттың базарын, Денсаулықтың зорын, Махаббаттың молын тілеймін! Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан, қатты жел тұрса, тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен, қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос. Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Аспаның айлы түндей ашық болсын, Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын. Айта берсек тілек көп таусылмайтын, Жаза берсек қалам көп майыспайтын. Жүректегі тілекті өлеңменен Жеткіземін мен саған шын көңілмен!! Саған айтар тілек, Таусылма еш жүдеп. Қиналсаң, төз, Жарыссаң, оз, Ойнасаң, ұт, Күрессең, жық. Ешкімді басынба, Басыңнан асырма, Табысқа тасыма, Намысқа жасыма. Ешкімді күндеме, Ешкімді тілдеме, Сөзіңнен танба, Қатарыңнан қалма. Біреуді даттама, Ешқашан кек сақтама, Біреуді сыртынан айдама, Өсекті тыңдама, Шынығып, шыңдал, Жақсыдан үлгі ал! Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар арман-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділік тапқан. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін! Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
Мындагы тілектер оте тамаша.
Мындагы тілектер оте тамаша.
Туған күнге арналған тілектер, Туған күнге арналға
Туған күнің құтты болсын
Пәк көңілің шаттықта арайлансын,
Ақ жүзіңде лайым нұр ойнасын.
Туған күнің бүгінгі құтты болып,
Жарқын күндер аша берсін шарайнасын.
Көктемнің күлімдеген күніндей бол,
Қырларды басып шыққан гүліндей бол.
Шәмшінің әнін айтып, тербеп елді,
Күлпаштың сағындырған үніндей бол.
Бақытың мен байлығың ортаймасын,
Ашық болып аспаның, гүлдей жайна.
Бұл өмірдің сынды сәті байқалмасын,
Әрбір күнің сәтті боп, күліп-ойна.
Құтты болсын туған күн
Құтты болсын туған күнің келіп жеткен,
Баршамызды шаттықты, көңілді еткен.
Әр жыл сайын келетін бақыт сыйлап,
Туылған күн шынайы тебіренткен.
Жастан жасқа амандықта жете бергін,
Арманың мен мақсатың бірге үндесіп.
Отбасың мен жақындарың аман болсын,
Бір жүретін қуанып, көңілдесіп.
Бар әлемнің бақытын тілеймін мен,
Алла өзі жар болсын, сені қолдап.
Әрбір күнің сәттілікте бола берсін,
Бақ-береке басыңа бақыт орнап.
Төл мерекең құтты болсын
Туған күннің есуде таң самалы,
Бұлбұл құстар шырқайды, ән салады.
Құтты болсын туған күнің келіп жеткен,
Бұл тілегім өзіңе арналады.
Мерейлі жасың қуантып, бақ сыйласын,
Қуанышын көп беретін сәт сыйласын.
Арман менен мақсаттарың орындалып,
Абыройлы, мақтан етер ат сыйласын.
Жұлдыздайын жарқыра, шаршамағын,
Жастан жасқа амандықта әркез жетіп.
Алла өзі жар болсын, қолдап сені,
Жүрсін деймін қуанышты, бақытты етіп.
Келіп жетті күнің де күлімдейтін,
Жеке меншік мерекең, туған күнің.
Құтты болсын бүгінгі төл мерекең,
Сәттілікпен жалғасып әрбір күнің.
Армандарың орындалсын сен аңсаған,
Абыройың асқақтап, бағың артып.
Биікке өрлеп, асуларды еңсере бер,
Бұл өмірдің қызығына балқып-шалқып.
Нұр ойнасын жүзіңде күлімдей түс,
Жұлдыздайын жарқырап, жанып бағың.
Алла жар боп әрқашан болшы аман,
Аман болып отбасың, жақындарың.
Құтты болсын бүгінгі туған күнің
Өмір сені бесігінде тербей берсін,
Қуанышын, бақытын сыйлап саған.
Құтты болсын бүгінгі төл мерекең,
Тілегімді айтайын арнап саған.
Әрбір күнің сәтті болсын, тәтті болсын,
Сезіндіріп өзіңе балдай дәмін.
Алла жар боп өзіңді қолдасын тек,
Арайлы боп шуақты атар таңың.
Көңіліңде жайма шуақ орнай түссін,
Арманың мен мақсатың самғай түссін.
Бақытты күн жалғасып әрбір күні,
Жаратқаным бар жақсысын арнай түссін.
Туған күніңмен!
Таудай талап тілеймін, бақытты бол,
Таусылмас талант тілеймін, шаттықты мол.
Туған күнің бүгінгі құтты болып,
Бар жақсылық орнасын, айтарым сол.
Табыстарың тамаша, көбейсін тек,
Арманыңа жете бер сен күлімдеп.
Жайдар көңіл тілеймін, ашық аспан,
Сәттілік жалғасып әр күнің тек.
Қайтпас жігер тілеймін, жайма шуақ,
Алла жар боп өзіңе берсін қуат.
Жастан жасқа амандықта жете бергін,
Жаздың жайма күніндей сен жадырап.
Туған күніңізбен
Өміріңіз көктемдей жайнай берсін,
Бағыңызда бұлбұл құс сайрай берсін.
Құтты болсын жеке меншік мерекеңіз,
Қуаныш пен үйіңізге бақыт енсін.
Жадырасын жаныңыз жаздай болып,
Өміріңіз жалғассын балдай болып.
Көңліңіздің аспаны ашық болып,
Жарқыраңыз сәтті атар таңдай болып.
Арманыңыз орындалсын, мақсатыңыз,
Жан сарайы күлімдеп жайма шуақ.
Жастан жасқа жетіп сіз амандықта,
Берсін деймін әрқашан Алла қуат...
Туған күнмен құттықтау
Құтты болсын бүгін сенің туған күнің,
Сыйлай берсін өзіңе өмір гүлін.
Арман менен мақсатың бірге ұштасып,
Қуанышқа толы болсын әрбір күнің.
Өмірің бұл көктемдей жарқын болсын,
Жаздың жайма күніндей жылы болсын.
Алтын күздей жарқырап ақ көңілің,
Аппақ қардай тап-таза өмір болсын.
Амандықта жете бер әрбір жасқа,
Аман болып жақының, туыстарың.
Алла өзі жар болып, қолдасын тек,
Күннен күнге құлпырып жаздай жаның.
Құтты болсын жеке меншік мерекең
Құтты болсын туған күн келіп жеткен,
Жаныңызға нұр сыйлап, күлімдеткен.
Бұл жасыңыз шаттығына бөлей берсін,
Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.
Асқақ арман, мақсатыңыз орындалсын,
Алла өзі жар болып, қолдап, қорғап.
Бар әлемнің тілеймін бар асылын,
Шын жүректен өзіңізге тілек жолдап.
Аман болсын отбасыңыз, жақыныңыз,
Шаттықта өтіп, қуантып әр күніңіз.
Жүз жасаңыз Алла сізге ғұмыр беріп,
Қасыңыздан табылып бақытыңыз.
Құтты болсын бүгінгі жаңа жасың
Кеудеңдегі жүрегің тоқтамасын,
Ұзақ ғұмыр тарту етіп Алла саған.
Құтты болсын бүгінгі жаңа жасың,
Шаттана бер күн сайын артып бағаң.
Асқақ арман, мақсатың бірге үйлесіп,
Орындалсын сәтті боп әрбір қадам.
Көңіліңнің аспаны ашық болып,
Бір өзіңе тәнті болсын барлық адам.
Көкжиектен күн шығып, күлімдесін,
Бұл өмірдің салқыны білінбесін.
Жанарыңа қуаныш мәңгі орнығып,
Қиындықтар есігіңнен үңілмесін!
Жаңа жас, туған күніңмен
Бүгін шаттық, қуаныш тойланар күн,
Бүгінгі күн бақытқа айналар күн.
Әр жыл сайын келетін қуандырып,
Құтты болсын меншікті туылған күн.
Бойыңызда көшбасшылық бар қасиет,
Жақсылықты жақсыға жалғап жүрер.
Ашық-жарқын мінезіңіз жанды баурап,
Бақыты мен шаттығын таңдап жүрер.
Жаңа жастың сезініңіз бал-қаймағын,
Жаңа күннің тіл үйірер балдай дәмін.
Ғұмырыңыз ұзақ болып, жүз жасаңыз,
Алла сізге сыйлап күннің арай-бағын.
Туған күніңмен құттықтаймын
Мерейлі жүзің жайнасын, жарқырасын,
Дархан пейлің өзіңе бақ әкеліп.
Туған күнің бүгінгі құтты болсын,
Қуанышты, шаттықты сәт әкеліп.
Қанаттарың талмасын, биік самға,
Өмір сыйлап өзіңе арай бағын.
Күлімдей түс, саулығың мықты болып,
Жаз көңілің мәз болып, жайнап жаның.
Жігерің мықты болсын тек, алға баста,
Сынды күндер кезіксе асып-саспа.
Алла өзі жар болып, қолдап сені,
Амандықта жете бер жастан жасқа.
ТУҒАН КҮНІҢМЕН
Көрдің алғаш бүгін жарық әлемді,
Іңгәләған даусың әнге бөленді.
Сүтін емдің қосып ана үнімен.
Құттықтаймыз!
сені туған күніңмен.
Тәй-тәй басып қадам жерден құлайсың,
«Апа», «Ата» дейсің мәме сұрайсың.
Мамалаған күнім балдай тіліңнен,
Бірге толдың балам,
туған күніңмен.
Жеті құлап мамық жердің бетіне,
Құлындайын тулап толдың жетіге.
Тайға мініп, құмар едің ертекке,
Жігіт болдың!барасың сен мектепке.
Бәйге атындай баптап шықтық түнімен,
Құттықтаймыз!
сені туған күніңмен.
Мамырлаған әлем ойың өрісте,
Көңілің пәк, жаның нәзік періште.
Балауса өмір құрбы доспен ғажап- ақ,
Кәмелетке жеттің енді азамат.
Он сегізге келгенің бе шынымен,
Құттықтаймыз!
сені туған күніңмен.
Жиырма беске толдың сөзің салмақты,
Аруларға жігіт салар қармақты.
Көк аспанға сиқыр сезім шарлатты,
Кеудеңдегі бақыт құсын сарнатты.
Құттықтаймыз!
сені ғашық гүліңмен,
Құттықтаймыз!
сені туған күніңмен.
Өгіз болып өрге тартып арбаңды,
Жегілесің иыққа асып дорбаңды.
Бұзамын деп талпынасың ордаңды,
Қамшылайсың намыс атты жорғаңды.
Отыз көктем гүлдеп өткен жүзіңнен,
Құттықтаймыз!
сені туған күніңмен.
Шыққаннан соң төбесіне қырқаның,
Ойланасың бала қамын, қыр қамын.
Алғаннан соң аздап өмір сабағын,
Байыптайсың үлкен, кіші қабағын.
Құрдастарың думандатып түнімен,
Құттықтайды сені
туған күніңмен.
Ердің жасы еңселеген елуде,
Тәңір жазар немерені көруге.
Өтер қызу қызметтің бабымен,
Той, қаза мен құдалықтың қамымен.
Ақ самай мен бас қасқалау бүлінген,
Құттықтайды сені туған күніңмен.
Асқаралы алпыс екен нар қасқаң,
Қара шашты өмір отап қар басқан.
Болмаған соң мына тірлік ойыңдай,
Шүкір дейсің бір құдайды мойындай.
«Ата»-дейді қариялықтың басы деп,
Пайғамбардың келген осы жасы деп.
Жарқырап бір тасып жатса дәулетің,
Құттықтайды
мерей тоймен әулетің.
Тағдыр салып кәрі әжім қолдарын,
Келбетіңе сызып кетер жолдарын.
Тісің түсіп жау шапқандай еліңді,
Уақыт шіркін бүгіп берер беліңді.
Ата, әже дейді күліп шөберең,
Жетпіс жаспен дейді,
сүйіп немерең.
Бергеннен соң сексен жастың сапарын,
Уақыт-өмір себер улы қаһарын.
Көргеннен соң сирегенін қатарың,
Сезінесің мына күннің батарын.
Тәңірі өзі жібергендей жазасын,
Көтере алмай дос, бауырдың қазасын.
Ұл, келінің жас баладай мәпелер,
Дәм бұйырып тоқсан келсе тозасың.
Жүзге бірақ мыңның бірі жетеді,
Ғасыр солай, өмір солай өтеді.
Айдай анық дүние жалған екені,
Шақырады мәңгіліктің мекені.
Ойламайсың бұл өмірден өтем деп,
Жатқаныңда мәңгілікті мекендеп.
Әулетіңмен, туған-туыс, бауырың,
Еске алады,
туған күні екен деп
Туған күніңмен, Туған күнге тілек, Туған күнге тіл
Туған күніңмен
Толғанай
Барлық жақсы қасиеттерге ие болып, барлық ластықтан, жамандықтан тазарайық!!!
Туған күніңмен
Туған күніңмен
Туған күнге тілек балаға
Туған күнге тілек сіңліме
Туған күнге тілек өз сөзімен
Туылган кунинмен шын журектен куттыктаймын ?Мына омир деген улкен белестин тайгак жеринен таймай,сулы жерине батпай,отты жерине жанбай,сокпакгына соктыкпай коздеген арман мураттарына жете беруине тилектеспин,кыран болып самгап, алыстарды коздеп,улкен белестерди багындыратын азамат бол,омир жолы сени ешкашан адастырмай ар баскан кадымына Алланын нуры жаусын?
+++++++++++++++
Жаным Жан құрбым Жәннәт?Бүгінгі туылған күнің құтты болсын?ешқашан ауырма?Әрдайым күліп ойнап жүре бер!?Саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін?? жаса.ҰБТ дан жоғарғы балл алуыңа Тілектеспін?Ата анаңның және өзіңнің армандарың орындала берсін Алла тағала екі дүниенің бақытын нәсіп етсін??
Әрдайым жанымда жүріп қолдау көрсеткеніңе
Жанымда болғаныңа рахмет?Мен сені жақсы көремін?
+++++++++++++
Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!
Олжас
Туған күнге арналған тілектер, әдемі тілектер топтамасы
Туған күніңмен
Туған күніңмен