Аяулы анашым! Әлемдегі ең сұлу, мейірімді, ақылды анасыз! Дәл қазіргі сәттегідей жарқырап жүріңіз! Сіз әлемдегі бар жақсыға лайықсыз! Көңіліңізге ешқашан кірбің түспесін! Балаларыңыз үшін сізден асқан патшайым жоқ! Туған күніңізбен! Біз сізді жақсы көреміз!
Әкешім, асқар тауым! Мен сізге ұқсағым келеді. Себебі сізге арқа сүйей аламыз, қолыңыздан бәрі келеді. Кез келген жағдайдың шешімін оңай табасыз. Қандай істі қолға алсаңыз да, тыңғылықты етіп жасап шығасыз. Адамгершілігіңіз жайлы тоқтамай айтуға болады. Сіз мен үшін үлгі тұтар жансыз! Туған күніңіз құтты болсын! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Қымбатты ата! Туған күніңіз құтты болсын! Сіз өте мейірімді жансыз! Сіздегі даналық айналаңыздағы адамдарға әрдайым түзу жолды көрсетіп келеді. Денсаулығыңыз мықты болсын! Балаларыңыз бен немерелеріңіздің ортасында аман-есен ақылшымыз болып жүргейсіз!
Ардақты, ақ жаулықты әже! Туған күніңіз құтты болсын! Сіз әлемдегі ең керемет әжесіз! Немерелеріңіздің маңдайынан иіскеп, ақылыңызды айтып, өнегеңізді көрсетіп келесіз. "Айналайын" деген сөзіңіз қандай жағымды еді! Деніңізге саулық, күш-қуат тілеймін! Сізден үйренеріміз өте көп. Ортамызда жарқырап жүре беріңіз!
Сүйкімді қызғалдағым! Нәп-нәзік қызым менің! Бүгінгі туған күнің құтты болсын! Әрбір қылығың ерекше әдемі, тым тәтті! Саған мына әлемнің ең керемет тілектерін жаудырғым келеді. Ең бастысы, өмір жасың ұзақ болсын! Бос сөзден аулақ бол, жүзіңнен нұр кетпесін! Әрбір таң бұлбұлдың үнімен атсын! Бақытты бол, еркем!
Ұлым менің! Сенің өмірге келген кезің сондай ерекше еді! Өйткені сол бір сәт мен үшін бақыт дегеннің не екенін ұқтырды. Бізге ата-ана бақытын сезіндіргенің үшін алғысымыз шексіз! Ғұмырың ұзақ болсын! Өмір жолыңда тек жақсы адамдар жолықсын! Ұсақталуға ешқашан жол берме, ірі бол, тұлға бол! Ізденуден жалықпа! Айналаңа пайдасын тигізетін іспен ғана шұғылдан! Бауырмал бол, халықтың баласы бол, құлыным!
Ибалы келінім! Шаңырағымызға келген сәттен бастап өзіңмен бірге берекеңді ала келдің. Әулетіміздің өсіп-өнуіне себепкер болып келесің. Бойыңдағы ізгі қасиеттер ұл-қызыңа дарысын! Ата-енеңе, ағайынға деген құрметің ақ шашты әже болған кезде алдыңнан жақсылық болып оралсын! Туған күнің құтты болсын!
Туған күнге құттықтау мен тілектер
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Менің ағам! Алдыңда демеу болар ағаңның бары қандай бақыт! Ақылын аямайтын, әркез жаныңнан табылатын өзіңдей ағамның болғанына қуанамын. Жаңа жасыңыз жақсылықтың жаршысы болғай! Бағындырар асуыңыз көп болсын!
Тәп-тәтті немерем! Бұл дүниенің бар қызығы өзің дер едім. Әрбір қылығың, былдырлап сөйлеген сәттерің сондай тәтті! "Балам - балым, немерем - жаным" деген сөздің қаншалықты маңызды екенін өзің ұқтырдың. Сенің жасың нешеге толса да, мен үшін ерке, кішкентай балапан болып қала бересің. Биікке самға! Қанатың ешқашан талмасын! Жолың ақ болсын! Туған күнің құтты болсын!
Алтын жездем! Сіздей жанның әпкемнің бағына бұйырғаны қандай бақыт! Бүгінгі күні ақылшы ағамдай боп кеттіңіз. Туған күніңіз құтты болсын! Балдыздарыңызды еркелетіп, қамқор болып жүре бергейсіз! Жүз жасаңыз! Шыңдардың ең биігін бағындырыңыз! Аман болыңыз!
Асыл жеңгем! Менің өмірімде жан-сырымды ақтара алатын бір жан болса, ол - сіз! Шаңырақтың шаттығын ойлап ертелі-кеш тынбайтын, бәріміздің қас-қабағымызға қарайтын сіздей жеңгеге алғыс қана айтамын. Жанарыңыздан төгіліп тұратын нұр, құлпырған жүзіңіз, әйел затына тән нәзіктігіңіз айналаңызға шуағын шашып тұрады. Жыл өткен сайын қуанышыңыз еселене түссін! Сізге ұзақ ғұмыр тіледім!
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Жан досым! Туған күніңмен! Жылдар өтсе де, осылай жап-жас болып қалуыңды тілеймін. Біз бала кезімізден ажырамас доспыз, бір-біріміздің жан-дүниемізді жақсы түсінеміз. Достығымыз қартайғанша жалғасып, жүзге толған сәтімізді бірге тойлаймыз деп сенемін.
Жан досым! Туған күніңмен! Жылдар өтсе де, осылай жап-жас болып қалуыңды тілеймін. Біз бала кезімізден ажырамас доспыз, бір-біріміздің жан-дүниемізді жақсы түсінеміз. Достығымыз қартайғанша жалғасып, жүзге толған сәтімізді бірге тойлаймыз деп сенемін.
Құрбым! Өмірде сендей адал досымның бар болғанына қуанамын. "Нағыз дос қиын сәттерде қасыңнан табылады" - деген сөз бар. Сенің ақжүректігің, даладай дархан пейілің соның көрінісі. Бәрімізге демеу болып, қуанышымызда да, мұңлы сәтімізде де жанымызда жүресің. Бүгін біз сенің ең керемет күніңді атап өту үшін жиналдық. Саған мына ғаламның бар асылын тілеймін! Қуанышты күніміз көп болғай!
Сүйіктім! Бүгін - мына әлемдегі ең сымбатты жігіттің туған күні. Өмір жолында сен сияқты азаматтың жолыққанына сансыз алғыс айтамын. Сабырлы болмысыңа тәнтімін! Әрбір қадамыңа сәттілік серік болғай! Сені қатты жақсы көремін! Бақытты күндеріміз көп болсын!
Қымбаттым! Жер шарын шарласам да, өзіңдей сұлуды кезіктірмейтінімді білемін. Бүгін - жер бетіндегі ең сұлу бикештің туған күні. Өміріме сән бергенің үшін, әрбір таңымның күлімдеп атуына себепкер болғаның үшін алғысым шексіз. Сені дәл осындай қалпыңмен жақсы көремін!
Өміріңдегі ең маңызды күнмен құттықтаймын!
Жыл бойы сәттілік серігің болсын!
Жиі күлімдеп жүр! Туған күніңмен!
Жарқын күндерің көп болсын! Бар жақсыға лайықсың!
Бүгін күн неге ерекше нұрын төгіп тұр десем, сенің туған күнің екен ғой!
Өмірің шаттыққа толсын! Ұзақ жаса!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Cagida
Отбасы мүшелерінің барлығына арналған керемет тілектер мен құттықтаулар!