Өлең, жыр, ақындар

Анам үшін мақтанам

Алматы облысы, Іле ауданы
№39 гимназиясының
5 «В» сынып оқушысы: Шаяхмет Аяулым
Жетекшісі Кенжебаева Нурсулу

 

Жер бетіндегі ең әдемі сөз – Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде осы сөз қастерлі. Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта ешнәрсе де қалтарыс қалмайды. Сенің жасың қанша да болсын мейлі, бес мейлі елу жас болсын, саған әрқашан ана керек. Оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді. Баланың анаға деген сүйіспеншілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сен анаң үшін өз жаныңды бересің, анаң сен үшін өз жанын береді.
Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейіріміді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігіне шек жоқ. Ана болу -  бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып – қағуда ана өзін өзі ұмытып, барлық күш жігерін бала перзентіне жұмсайды.
Жан анам, ақ анам ардақты анам менің тілегім арманым, тілегім әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз