Бүгінгінің бүлдіршіндері «Жазда атасының ауылына барғанда, алдынан ойнақтап шығатын қошақанды», «Елдің жырын жырлаған, қайғысында толғаған қара домбыра жайлы әндерді менсінбейді. Болашақ жұлдыздарымыздың салған әндеріне көз жүгіртер болсақ, бесіктен белі шықпай жатып «Құдайым, енді бізді айырмашы, махаббат бар екенін мойындашы...» немесе «Арман-ай, тым алысқа әкеттің-ау сен мені...» деп жауапсыз махаббаттың құрбанындай махаббат машақаты туралы әндерді түсінбесе де төгілте, асқақ дауыспен шырқап тұрады. «Мұртқа өкпелегенде сақал шыққандай» «Шымкенттің салқын сырасы...» деген сазгер Ержан Серікбаевтың әні балдырғандарды ішімдік әлеміне жетелеп әкетті. Міне, қазіргі балалардың аузынан тастамай айтатын әндері осындай. Әрине, туған жерге, ата-анаға, ұстазға арналған әндерді әуелете айтатын жеткіншектерімізде бар. Сайып келгенде, оларды кездестіру саусақпен санарлықтай. Балдырғандардың балғын балалық туралы әндерден ауылы неге алыс? деген сұраққа жауап іздестіріп көріп едік... Балалар әндеріне қалам тербеп жүрген ақын, сазгерлеріміз некен-саяқ екен...
Енді мектеп қабырғасында айтылып жүрген әндерге көз тастасақ,
Күндей таза көңілі қардай аппақ парақтан,
Ең алғашқы махаббат басталады сабақтан деген бәрімізге таныс жолдардан тұратын әнді естігенде елең ете қаларымыз жасырын емес... Балалық шақтың естелігінде қалатын сәт ол – періштедей бала махаббат. Осы ән жөнінде әлеуметтік желіде оқушылардың тәрбиесіне кері ықпал тигізіп жатқан жоқ па? деп сауалнама жүргіздік, халықтың көпшілігі кері әсері жоқ деп тұжырымдады. Әлбетте , талғамға талас жоқ! Мәселен, Танкаева Арай былай деген болатын. « Сөздің түп мағынасында міндетті түрде парталасыңа не сыныптасыңа ғашық болу керек деген сөз емес қой. Меніңше, алғашқы махаббат 11 жыл бойы табалдырығын тоздырған мектеп қабырғасында басталады дегені көбінің ең пәк деген сезімі осы балғын кезден басталады деп ойлаймын. Балалар психологиясына келер болсақ, олардың санасын онсыз да теледидар улап жатыр, әндегі бір сөз әсер етеді деп ойламаймын». Оташ Гүлбану да осындай ойда. « Ең алғашқы махаббат шынымен партадан басталады. Біз қанша жерден білімге нұқсан келтірет десек те, ол-заңдылық! Оны бала махаббат, алғашқы махаббат десек те болады. Оның орны айырықша» деп сөзін аяқтады. Ал Шаттық атты 10 сынып оқушысы « Әсер етеді. Оқушылардың соңғы не алғашқы қоңырауларында осы ән жиі айтылады. Оқушыларға ән әсер етіп, мектепте сөз байласады» деп ой түйді. Әйгілі ақын, тіл жанашыры М.Шахановтың:
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды - деген құлаққа таныс әніне келер болсақ, бұл әнге Кеңес үкіметі кезінде тыйым салыныпты деседі. Себебі осы әнді естіген оқушылар терезенің жақтауына ғашықтарының есімдерін ойып жазуды әдетке айналдырып , мектеп терезелерін бүлдірген.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, балалар әндері күрмеуі көп күрделі мәселелердің бірі. Бұл туралы балақайларды да, ата-ананы да, сазгер, ақындарды да жазғыра алмаймыз. Негізгі қателік бәрінің әнге деген салғырт қарауынан. Әннің ойнақылығына, тез жатталуына ғана үңіліп, терең мағынасын елемеудің салдарынан болып тұр. Ақындар, сазгерлер балаларға арналған әндерді де көптеп жарыққа шығарса, шығарып қана қоймай, жарияласа игі еді... Ал ата- аналар баласының талантына тамсанып қана қоймай, әннің сөздерін де назардан тыс қалдырмағандары абзал. Сонда ғана балалар балалық шақ туралы әндерден кенде болмас па еді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі