Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-да үздік болу үшін...

Ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы үш ауыз сөз әрбір 11-сынып оқушысының бойына қорқыныш, санасына үрей ұялатады. 11 жыл бойы оқыған еңбегім ақталады ма, тестілеуден өзім қалаған ұпайды жинай аламын ба деген сансыз ойлар оқушы санасын жаулайды. Тестілеуден кейін бірі өзі ойлаған ұпайды жинап масаттанса, енді бірі дайындалмай-ақ жоғары нәтиже көрсетеді. Кейбір түлектер жыл бойы дайындалып, осы тестілеуде жолы болмай, төмен көрсеткішке ие болады. Сондай түлектерге айтарым: бұл ӨМІРдің соңы емес!

Өзім ҰБТ-ны биыл тапсырдым. Жыл бойы 5 пәнге дайындалып, соңғы 2 айда 2 пәнге ғана зейін қойып, тестілеуді ойдағыдай тапсырдым. Қорытындысы да көңіл қуантты. Межелі 40 ұпайдың 38-ін жинадым. Грантқа түсуіме де мүмкіндік жеткілікті. Бәз біреулер осы ұпайды ұялы телефон, шпаргалканың көмегімен алған шығар. Ал менің нәтижем таза өзімнің еңбегім болатын. Сіздерге кеңес келер жылғы түлектер, 11-сынып оқушылары:

– Жаратқанға сеніңіздер. Ол сіздің нәтижеңізді оң немесе теріс қылатын күшке ие. ҰБТ үшін ораза тұту қате пікір секілді. Ұйықтар алдында жуынып, тазарып жатып, тілек тілесеңіз, ол қабыл болады. Маңыздысы Аллаға деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Төмен нәтиже көрсетсеңіз налымаңыз, қуаныңыз. Сізді алда жақсы жаңалық күтіп тұр;

– Өзіңізді кез келген жағдайға морально дайындаңыз. Сіз алдыңызда не болатынын білмейсіз. Бірақ ҰБТ жайлы ең алдымен ойлайтыныңыз жағымсыз пікірлер (өте алмасам не болады, ата-анамның алдында ұятқа қалам ба т.с.с.) Осы ойларды жағымдыға өзгертіңіз. Әрдайым ойлайтыныңыз жақсылық болса, ол міндетті түрде орындалады;

– Барлық нәтижеге өз күшіңізбен жетіңіз. Аянбай еңбектеніңіз. Түндеріңіз ұйқысыз өтсе де, дайындықтан бас тартпаңыз. Қазір қиналып оқисыз, алайда нәтижесін болашақ көрсетеді;

– Жас түлек ұялы телефон, шпаргалкаға мүлдем сенбеңіз. Өзіңізге, өзіңіздің түйсік, сана-сезіміңізге сеніңіз. ҰБТ сізге мектепте өтетін тестілеу емес. Ол жерде бәрі басқаша. Шпаргалкадан іздеген сұрағыңыз шықпауы, глушителдің кесірінен телефонда байланыс болмауы мүмкін. Ал сіз барлық жағдайға дайын болу керексіз;

– Жаныңыздағы достарыңыз тестілеуге дайындық жүргізбесе, оларға ермеңіз. Өзіңіз жеке дайындалыңыз. Сіз жеке тұлғасыз, жеке тұлға біреуге еруге міндетті емес. Керісінше, оларды соңыңыздан ерте біліңіз. Дайындыққа қызықтырыңыз. Дайындық уақытында бір бастан екі бас жақсы;

– Мектеп оқулықтарын оқыңыз, содан соң ғана тест жасаңыз, білмейтін сұрақтарыңызды іздеп, тауып, бір жерге түртіп қойыңыз. Оқулықты түгел оқуға шамам жетпейді, уақытым жоқ десеңіз, логикаға салатындай етіп оқыңыз;

– Кез келген оқиға есіңізде жақсы сақталу үшін оқулықтың жанына қағаз бен қалам алып, түсінгеніңізді қағазға түсіріңіз. Жазбаңыз, суретін салыңыз. Бұл – есте сақтаудың ең тиімді тәсілі.

Осы кеңестер сізге оң пайдасын тигізеді деп сенемін. Сәттілік оқырман, сәттілік жас түлек!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Анзия Асанова

Керемет көп көп рахмет

Мерей

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз