Әдебиет-ардың ісі.Әдебиеттің өзі қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда түрлі қиын өткелдерді, қаншама ауыртпалықты кешті.Осы жылдағы кешкен бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.
Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау әртүрлі ыңғайда болды. Тәуелсіздік дәуірінде әдебиеттің айтар ойы,шығар биігі, тілі де еркін самғады.Әдебиеттің қай жанрына да қалам сілтеген қаламгерлер бұл ретте ұлт тағдыры,елдегі саяси- әлеуметтік қайшылықтар,өтпелі кезеңнің болмысы мен рухани жадаулық сияқты мәселелерді,сондай-ақ бүгінгі демократиялық қоғамдағы қарама -қайшылықтарды күн тәртібіне қоя білді.
«Мыңның атын білгенше, бірдің түсін біл»- дейді.Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетімен етене танысып жатқаннан соң, сол дәуірдің жазушы ақындарымен,сыншы-ғалымдарымен Филология факультетінің Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері « 100 кітап» жобасы аясында «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің зерттелуі мен зерделенуі» атты дөңгелек үстел өткізді.Шараға филология ғылымының докторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, доцент, «Алаштың бір ардағы» (1998), «Көркем ойдың құдіреті» (2007), «Мүсілім Базарбаев зерттеулері және әдебиеттану ғылымының мәселелері» (2010) монографияларының авторы Гүлжаһан Орда, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі,
«Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, бірнеше бәйгелердің жүлдегері, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Нұрдәулет Ақыш шақырылды.
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері кеш қонақтарына өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып,еркін форматта пікір алысу жүргізілді.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрып, жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармаларға талдаулар жасалынды.Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму бағыттары мен арналары жайлы кең мәлімет берілді.Жалпы, еліміздегі әдеби үрдістің бүгінде қай деңгейде ,қалай дамып келеді,жастардың әдебиетке бетбұрысы қалай көрініс табуда секілді сұрақтарға жауаптар толықтырылды.Әдеби талдауға қалай кірісу керектігін,шығармаларды қалай зерттеу ерекшеліктерін өз кезегінде Гүлжаһан Орда сөз етсе,ал прозашы Нұрдәулет Ақыш өз творчествосындағы туындыларға қатысты сұрақтарға жауап берді.Автор қаламынан туған көптеген хикаят-әңгімелердің мазмұндық ерекшелігіне,көркемдігіне,сюжеттік желілеріне байланысты сөз етілді.Нұрдәулет Ақыш тек жазушы ған емес,сыншы-ғалым ретіндегі өз зерттеу еңбектерінде ортаға салды.Әдебиеттің кейінгі жас толқын буындарына шығарманы қалай жазу керектігін,ойдың жүйелігін сақтауды,әдебиетте шынайылықты көрсетуді сөз етті.
Кеш соңында Тәуелсіз Қазақстанның тәуілсіз жастарына өз үлгі-өнегесін айтып,әдебиеттің жанашырларына сенім білдірді.Жазушы Нұрдәулет Ақыштың автограф беруімен қаламгер кітаптары студенттерге сыйға берілді.Осындай тәрбиесі мен тағылым мол іс-шaраны өткізуде Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқутушылары Райхан Имаханбет,Алтынай Асқарова,Гүлназ Даутова,Айжан Есентаеваға 3-курс студенттері атынан зор алғыс білдіргіміз келеді.
Жиырма сегіз жылдық тарихы бар тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің хал-ахуалын бір ғана кеш аясында егжей-тегжей айту, талдау мүмкін емес. Сонда да біз көкейде жүрген көкейкесті мәселелерді шама-шарқымызша біліп қалуға ниеттендік. Біздің ендігі міндетіміз сол дәуірдің мәнін ұғынып,әдебиеттің шын жанашыра айналу.
Фариза Тілеулес
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі