Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің,
Ілмектер: денсаулық, қадір, нақыл, афоризм Би-шешендер
Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің.
Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің.
Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер
Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.
Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.
Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Ілмектер: әйел, жанұя, нақыл, афоризм Би-шешендер
Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да.
Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.
Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.
Ілмектер: әділ, әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер
Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.
Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.
Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер
Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,
Ілмектер: әділдік, ел, қадір, ер, нақыл, афоризм Би-шешендер
Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.
Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Ілмектер: жар, әйел, мінез Би-шешендер
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.
Әділ бидің кегі жоқ,
Ілмектер: әділдік, білім, нақыл Би-шешендер
Білімдінің кемі жоқ.
Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,
Ілмектер: мал, кесір, бақ, нақыл Би-шешендер
Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі