Өлең, жыр, ақындар

Гераклит

Эфестік Гераклит (б.з.д.535 – c. 475ж.) Эфес мектебінің ұстазы.


Нақыл сөздері

Жаны дөрекінің көзі мен құлағы да сенімсіз куәлар.

Ілмектер: көз, құлақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дөрекілік Гераклит

Көз — құлақтан көрі сенімділеу айғақ.

Ілмектер: көз, құлақ, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, айғақ Гераклит

Менiң көруге, естуге және зерттеуге болатын нәрсеге бүйрегiм көбiрек бұрады.

Ілмектер: көру, есту, зерттеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

От айналу барысы — аңсау мен тойыну.

Ілмектер: аңсау, ақыл, афоризм, қанатты сөздер, нақыл Гераклит

Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді.

Ілмектер: рух, жабайы, көз, құлақ, нақыл, афоризм Гераклит

Рух дегеніміз өсіп-өркендеудің өздік ішкі заңы.

Ілмектер: рух, өсу, өркендеу, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Тасаттық қаны арқылы өздерін күнәдан тазатқысы келу бейне лас жерде тұрып ластықпен жуынғанымен бірдей. Егер әлдекім солай істесе, олардың өзі оны жынды дер еді.

Ілмектер: қан, күнә, лас, жер, жынды, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Ықылым — асық ойыны секілді, бала асық үйіріп тақта отырады.

Ілмектер: Ықылым, асық, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Бейне ақша тауарға, тауар ақшаға айналғаны секілді от барлық нәрсеге айналады, барлық нәрсе де отқа айналады.

Ілмектер: ақша, от, тауар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Ұлы істерді келсін-келмесін долбарлай бермейік.

Ілмектер: ұлы, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Әулие қарапайымға, қарапайым адам әулиеге айналады, олар қарсы жағының өлімінде өмір сүреді, қарсы жағының өмірінде өледі.

Ілмектер: әулие, қарапайым, өмір, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Оппозиция үндестік туғызады. Сәйкессіздіктерден гармония пайда болады.

Ілмектер: Оппозиция, үндестік, гармония, сәйкессіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Барша болмыс түтінге айналса, онда біз оны тек иіскеу арқылы ғана ажырата алар едік.

Ілмектер: болмыс, түтін, иіскеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Адамның кереметтігі оның бір істі даңққа бөленердей баршадан артық істеуі. Ал, тобыр сиыр секілді тойынғанға ғана құштар.

Ілмектер: адам, керемет, сиыр, құштарлық, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Ең керемет ғарыш деп жүргеніміз бейберекет үйе салған қоқысқа ұқсайды.

Ілмектер: ғарыш, қоқыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Адам ақылды нәрсе емес. Оның даналығы өзін қоршаған нәрсеге ғана қаратылады.

Ілмектер: адам, ақыл, даналық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Егер бір адам керемет болса, мен үшін ол түменге (10 000 адамға) татиды.

Ілмектер: адам, керемет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Адамға салыстырғанда ең сұлу маймылдың өзі өте қораш болмақ.

Ілмектер: адам, маймыл, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Мас адамды бала да жетелейді, рухы дымқылданған ол кедергіге ілеседі және өзінің қайда баратынын білмейді.

Ілмектер: мас, адам, рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Егер бақыт денеде болса, онда сиыр шөп жегенде ең бақытты деп айтуымыз керек.

Ілмектер: бақыт, сиыр, дене, шөп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Қарап көріңіз