Өлең, жыр, ақындар

Асан қайғы

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Ілмектер: Адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі, дұшпан, өсиет Асан қайғы

Мінезі жаман адамға — енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен — жалған намыс қуыспа.

Ілмектер: мінез, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, намыс Асан қайғы

Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

Ілмектер: ақы, айып, нақыл, афоризм, ұрыс, қанатты сөздер Асан қайғы

Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,
Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.

Ілмектер: Ғылым, жұрт, кеңес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асан қайғы

Атадан алтау тудым деп — асқынып жауап айтпаңыз,
Атамның малы көп-ті деп — атты басқа тартпаңыз.

Ілмектер: ата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асан қайғы

Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.
Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Шамаңша шалқып жүре бер - қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ - тіріде даңқың болмаса.

Ілмектер: даңқ, жеңге, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғарып, қария, надан Асан қайғы

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

Ілмектер: қадір, қасиет, сана, су, ел, нақыл, афоризм Асан қайғы

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!

Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.

Ілмектер: жамандау, нақыл, афоризм Асан қайғы

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.

Ілмектер: нақыл, афоризм, жамандау Асан қайғы

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Ілмектер: әділдік, ақыл Асан қайғы

Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса.

Ілмектер: ғылым, білім Асан қайғы

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Ілмектер: топ, адасу, мінез, өзімшілдік, менмендік Асан қайғы

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Ілмектер: заман, сөз, ғаріп Асан қайғы

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы

Қарап көріңіз