Өлең, жыр, ақындар

Бернияз Күлеев

Бернияз Күлеев (1899-1923) - ақын.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Жалғанда жұмақ – жазғы жел.

Ілмектер: жаз, жел, нақыл, афоризм Бернияз Күлеев

Бүйтерін кім біліпті бұл жалғанның, Сендім де, ал дегенін қабыл алдым. Жолымнан жауыз тағдыр жаңылдырды, О, дүние-ай! Мезгілімнен қапы қалдым.

Ілмектер: тағдыр, өмір Бернияз Күлеев

Тұрмыс деген тәңір атқан, ұйықтап жатқан айдаһар. Оят тағы, ауызынан, бақ дегенді барып ал!

Ілмектер: бақ, тұрмыс, тіршілік Бернияз Күлеев

Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар.

Ілмектер: ой, жүрек, жыр Бернияз Күлеев

Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап.

Ілмектер: жүрек, ер Бернияз Күлеев

Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын.

Ілмектер: көңіл, қайғы, дерт Бернияз Күлеев

Ойдан – қуат, жырдан – қанат.

Ілмектер: ой, қуат, жыр Бернияз Күлеев

От жалын ой.

Ілмектер: от, ой Бернияз Күлеев

Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?!

Ілмектер: жастық шақ, жүрек Бернияз Күлеев

Оймен жыр тап, жырмен түр тап.

Ілмектер: ой, жыр Бернияз Күлеев

Өмір – өзен күні-түні ағады, үстеп оны тұрмыс уы тамады. Өмір у ғой, ішпеген жан арманда, ішкен адам қандай ләззат табады?..

Ілмектер: өмір, у Бернияз Күлеев

Өмір – өзен, өлім – құрдым.

Ілмектер: өмір, өлім Бернияз Күлеев

Ой – көңілдің еркетайы, жыр – жүректің бұлбұлы.

Ілмектер: ой, жыр Бернияз Күлеев

Суарған семсер секілді, жастықта жатпа, жайраңда!

Ілмектер: жастық шақ, өмір Бернияз Күлеев

Ойла, ойла! Ойға тойма!

Ілмектер: ой, ойлау Бернияз Күлеев

Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала.

Ілмектер: жер, жұмақ, қыз Бернияз Күлеев

Махаббат достықтан да күшті.

Ілмектер: махаббат, достық Бернияз Күлеев

Көктің сәні – құс әні, бала мен мал – жер жаны.

Ілмектер: бала, мал, сән, құс Бернияз Күлеев

Көңіл - дария, ой - дауыл.

Ілмектер: көңіл, ой Бернияз Күлеев

Қарап көріңіз