Өлең, жыр, ақындар

Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Сиыр қашты, бұзаулады, бұқа кетті бетімен. Кейбір әке дегендер тең-ау осы бұқамен.

Ілмектер: сиыр, әке, бұқа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.

Ілмектер: арам, ас, ыдыс, махабат, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тасыған өзен арнасынан асады, жерді көгертеді, тасыған көңіл таудан да асады, елді жирентеді.

Ілмектер: өзен, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тойғанға тоқты еті топырақ.

Ілмектер: тоқты, ет, топырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Көз соқырынан көңіл соқыры жаман. Көз көре алмағанды көңіл көреді, көңіл көре алмағанды көз көре алмайды.

Ілмектер: көз, соқыр, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе қалады.

Ілмектер: қамшы, дақ, ет, жүрек, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әр нәрсе сынарында өзінен мықтыға соқтығады.

Ілмектер: сынар, мықты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.

Ілмектер: ар, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ит, адам, ақыл, айла Ғабиден Мұстафин

Дарақы мырзалықтан сарабдал сараңдықтың өзі артық.

Ілмектер: сараңдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Осыған күні бұрын көндіккен адам күні жеткенде шалдықпай көтереді.

Ілмектер: адам, көну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Ғабиден Мұстафин

Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады.

Ілмектер: Айуан, ұя, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам, жыртқыш Ғабиден Мұстафин

Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады.

Ілмектер: кеуде, ауыз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Елде болса маған да жетеді, менде болса елге қалай жетеді, — дейтін кең пейілді айт.

Ілмектер: пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел Ғабиден Мұстафин

Менде ғана болғанша елде болсын.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, көңіл, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өз мүддеңді көп мүддесінен жоғары қойсаң, өзің ғана бишарасың. Көп мүддесін жоғары ұстасаң, көп те сені жоғары көтереді.

Ілмектер: мүдде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі.

Ілмектер: құлдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қол қысқа, ой ұзын, арман биік. Қол ұзын болса әгәр, құтылмас еді-ау арман деген бәтшағар.

Ілмектер: қол, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арман Ғабиден Мұстафин

Қарап көріңіз

Пікірлер