Ыстық-Ата өзені
Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.
Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.
Арманымсың, күнім деді бозбала,
Құшағына кіре түсті қыз бала.
Өшіп барам, ая мені, сәулешім
Жігіт түгіл есер желден қызғана.
Шақырайып талма түсте күн көзі,
Еркін билеп бар әлемді бір өзі.
Жан-жануар, өрт-лепте, дел-сал боп,
Қысылатын, сая таппай, бар кезі.
Мұнартады, ай, әлде неге жабыққан,
Мейір жетпей Жер-ана да тарыққан.
Толтыра алмай кенеріне Каспийді
Еділ, Жайық - екі жақта қамыққан.
Жетпіске жасың толыпты,
Немере жиырма болыпты.
Тұңғышыңның ұлынан
Шөбере сүйдің көрікті.
Ағайын туыс бәрінен қымбат расында,
Қарамайды олар үлкен де кіші жасыңа.
Бақытым үшін,қуанышыма қуанып,
Мұңаятұғын қайғы келсе басыма .
Мақтааралым! ақ алтынның ордасы,
Деген баға берген еді, Елбасы.
Көркейтуге терін төгіп келеді,
Сенім артқан Мақтааралдың әр жасы.
Абай - хакім , Абай нәр мен тынысым,
Ізін нұсқап жетелейді Ұлы шың.
Күреңіткен күрен күздей халықтың,
Қаламымен қанықтырған құрышын...
Ең аяулы жанашыр жан,
Кім бар артық анашымнан.
Күнім сенсің шуақ төккен,
Қымбаттысың бар асылдан.
Кірбің түсіп кеткендей ақ көңілге,
Өткен күннен жоқ емес əттеңім де.
Сол бір жанға еріксіз ғашық болдым,
Осы жылдың шуақты көктемінде.
Теңеліп уақыт жақұтқа,
Асықпа досым,аптықпа.
Жүрекке сезім толтырып,
Шын сүю деген бақыт па?
Каскырды уйга камадым
Кузетуге аюды сайладым.
Кесирткенин етимен
Женисимди тойладым
Минип алып жыланга
Куып жеттим куланга
Мени корип шошынып,
Коркып кетти - жуан да.
Түсімде көрдім Мағжан ақын өзіңді,
Жалын шашып,оттай жанған көзіңді.
Қуатты жырың ұрандай болып құйылып,
Дүркіреп жауған нөсердей құдды сезілді
Шабыты шалқып өткен қара өлең боп,
Дәуір өзі туғызды дара перзент,
Қарасаз қасиетті құтты мекен,
Кигізген шаранаға өлең-жөргек.
Алланың берген сыйымен
Келеміз жайып жапырақ.
Адамзат атты тіршілік,
Баратын жері топырақ.
Жаратқан жетпіс ғаламды,
Құдіреті күшті бір Алла.
Сүйікті құлы адамды,
Жаратты беріп ой-сана.
Тарбағатай тарихта қалған атың бар,
Сен жайлы толғап жыр жазуға қақым бар.
Сенің төсіңде бүр жарған мен бір қызғалдақ.
Жырым –бұлақ, кел дағы дәмін татыңдар.
Сонау ығылым заманнан,
Қазақ деген халық болып таралған.
Қойдан жуас болғанымен,намысты,
От жүректі, өжет ел боп жаралған
Өтсе де ғасыр, ашсаң да тарих парағын,
Өшпейтін мәңгі өзгеден рухты дара тым.
Еңселі елдің, егемендіктің тірегі,
Қалауы мықты діні мен тілі қазақтың.
Ғасыр көшіп,жылдар жылжып арада,
Бәріне куә, көсілген көсем кең дала.
Көшпенді елдің көпшігіне оранып,
Бағына туды болмысы бөлек сар бала.
Ерте, ерте заманда,
Ата салтым аманда,
Ұлы ержетіп патшаның
Жар салыпты ғаламға:
Үйелмен де сүйелмен
Вагондары сырнайлы,
Жан-жануар тиелген
Жүрдек пойыз зырлайды.
Бес жасында атқа мінген,
Жеті атасын жатқа білген,
Бабаларым туған жерін
Таптатпаған жатқа мүлдем.
- Тәнті қылған әніне,
Құлан жүйрік термеге
Әлгі біздің Әміре
Бармақ дей ме көрмеге?!.
Бойындағы бар талап
Сенген асқақ әніне,
Үлкен үміт арқалап,
Келеді әнші Әміре.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі