Зебра
Жайылады жапан түзде
Зебраның үйірі.
Қыс пенен жаз, көктем, күзде
Өзгермейді киімі.
Келген жұртқа айбат шегіп алыстан,
Жуан мойнын күжірейтті арыстан.
Жүр осында үсті жолақ жолбарыс,
Аю да бар тырнақтары бір қарыс.
Бұл жердің ежелгі аты Қайғы деген
Өзінің түп негізін әйгілеген.
Қайғыда қасірет жоқ,
Қуаныш көп.
Даламыздың құба белі бұл ара,
Ғасырлардың куәгері бұл ара.
Жауынгердің дулығасы тәрізді
«Мен мұндалап» көзге түсер мұнара.
Біліп алшы, балақан,
Бірде бүркіт – балапан.
Екі жаста – қантүбіт,
Ұстау қиын алақан.
Науырзымның қорығы,
Құстың құтты орыны.
Әупілдектің жаңғырып
Шығып жатыр зор үні.
Біздің байтақ өлкеде
Құс жоқ қаздан аса алған.
Қалам деген ертеде
Қауырсыннан жасалған.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі