Ақ жайлақ пен сұр жайлақ
Сүйген жардың алдынан жарқылдайын-ей,
Өле-өлгенше көңіліңді қалдырмайын-ей,
Өзің көңіл бергенде, әттең, қалқамай-ей,
Бір өзіңе ерттеулі атым дайын-ай.
Сүйген жардың алдынан жарқылдайын-ей,
Өле-өлгенше көңіліңді қалдырмайын-ей,
Өзің көңіл бергенде, әттең, қалқамай-ей,
Бір өзіңе ерттеулі атым дайын-ай.
Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзден ыстық жас.
Өлеңді неге отырмыз дүрілдетпей,
Ай-хай, заман-ай.
Қалайық дүрілдетіп заман өтпей,
Әй, уәй.
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ішімді біл деген соң, ішімді біл, айнам шырақ,
Өткен дәуір бұрынғы есіңде ме.
Өткен дәуір бұрынғы есте болса, айнам шырақ,
Көп ойланып ал оны есінемей.
Деуші едім айқызыл гүл, айқызыл гүл,
Болғанда қасың қара, тілің – бұлбұл.
Шал болып қартайған соң сәнің кетер,
Қалқатай, шамаң келсе, ойна да күл.
Той дегенде мінемін дөненімді,
Жақсылардан аяман өнерімді.
Топ алдында осындай сынға түсіп,
Бір тексеріп қояйын өлеңімді.
Балға табы кетпейді темірдегі,
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.
Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.
Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!
Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Домбыра екі шекті жұқа қақпақ, ай, абайкөк,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ.
Әй, өтесін, күнім, амал жоқ!
Кіші – іні, үлкен – аға отырғанда, ай, абайкөк,
Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.
Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,
Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.
Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Ақша қарда жорытқан қояндайсың-ей,
Шөп-шөп сүйсем бетіңнен оянбайсың.
Екі көзің күн нұры жарқыраған-ей,
Қандай жанға өмірлік баяндайсың.
Есік алды қара су бойламадым-ей,
Бұл жалғанның өтерін ойламадым.
Бұл жалғанның өтерін білген болсам-ей,
Құлын-тайдай айқасып ойнамадым.
А, қалқа-ау,
Ғашық болдым әуел баста,
Ғашық оты мағұлым
А, қалқа-ау, кәрі-жасқа.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі