Ұлағатты сөздер – дана, нақыл, мотивациялық сөздер жинағы

Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес.

Ілмектер: түзелу, қыңыр, мінез, мінез-құлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.
Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды.

Ілмектер: базар, дүние, мал, жігіт, алдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Дүние адастырар қуғаннан соң,
Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.
Дүние – аз күншілік фани жалған,
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.

Ілмектер: дүние, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.

Ілмектер: жүйрік, арлан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Қараша торғай қаз болмас.

Ілмектер: торғай, қаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлеп те сөзі өтер ме.

Ілмектер: жалғыз, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Өз тілін білмеген қазақ, қазақ емес.
Не бар емес, не жоқ емес, әйтеуір жүрген бір елес.

Ілмектер: Тіл Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Мінезіңді түзет,
Арыңды күзет.
Ақылды бол,
Арлы бол,
Мінеки саған айқын жол.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Журналист — өз газетінде сараланатын жазушы.

Ілмектер: журналист, газет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Адриан Декурсель
WhatsApp Telegram

Жазу қиын, бірақ мүлдем жазбау одан да қиынырақ болар еді.

Ілмектер: жазу, журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тадеуш Бреза
WhatsApp Telegram

Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың.

Ілмектер: журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой Карл Краус
WhatsApp Telegram

Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды,
Tap қылып төрт аяғын, байласа да.
Жатпайды болат пышақ қап түбінде,
Өтпейді жасық темір қайраса да.

Ілмектер: тұлпар, болат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Аздың ісі бітпейді.

Ілмектер: аз, нақыл, іс, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Ана деген - ең әдемі аруың,
Әке деген - қорғайтын сені қаруың.

Ілмектер: нақыл сөз Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Нағыз жігіт - жауды көрсе гүрілдейді,
Қорқақ байғұс - көлеңке көріп дірілдейді.

Ілмектер: Ерлік Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Бір сөзге сабыр ете алмаған көп сөз есітеді.

Ілмектер: сөз, сабыр Ахнәф бин Қайс
WhatsApp Telegram

Ұлт десе, кеттің неге тұра қашып?
Дін десе, білімдіден кеттің асып.
Шариғатты сұраса, бір молда кеп,
Дымың құрып, тіл байланып, қалдың сасып.
Қазақ болсаң, құранды біл, тәпсір оқы.
Ұлтшылдықты ұмытпай, оқып тоқы,
Қазақ елі, дінінен бөлінбеген.
Надандардың қатарынан көрінбеген,
Ділін де, тілін де, бірдей ұстап,
Ұлтшылдықпен жаны ашып, тілім деген.

Ілмектер: Ұлтшылдық Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Әрбір шешен-дана емес,
Әрбір шеше-ана емес.

Ілмектер: нақыл Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Ұлы істерді ойласпайды, бастайды.

Ілмектер: іс, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан
WhatsApp Telegram

Жүк тиесең — кетерсің, ниет етсең — жетерсің.

Ілмектер: жүк, ниет, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Теңеу: боз үстінде от жағып, бұзбай бұлан пісірген мен иемнің бөрлі ала тасы едім, жау көрген күн — жүрегінің басы едім, көз үстінде қасы едім.

Ілмектер: теңеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Үй артында төбешік
Ерттеулі тұрған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса
Жазулы тұрған xат болар.

Ілмектер: үй, қарт, қария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Тіл өткір қылыш секілді, абайлап сөлемесең өзіңді кесіп кетуі ғажап емес

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Ақ сұңқар құстың баласы — ұяда алтау болмас па,
Ұяда алтау болғанмен, оның ішінде біреуі — ең алғыры болмас па.

Ілмектер: алғырлық, ұя, қабілет, ұяда алтау Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.

Ілмектер: қайырсыз, мал, мүлік, мінез-құлық, адамгершілік Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Абыройлы адам кімнің қасында тұрса да өзінің кім екенін естен шығармайды.

Ілмектер: абырой, адам Бальтасар Грасиан
WhatsApp Telegram

Өз тағдырына риза болмағандар басқаның бақытын қызғанады.

Ілмектер: көре алмаушылық, іштарлық, қызғаныш, тағдыр, бақыт Бальтасар Грасиан
WhatsApp Telegram

Кімде-кім бір нәрсенің пайдалы немесе зиян екенін білмесе, өзінің надандығын көрсетеді.

Ілмектер: надан, надандық, зиян, пайдалы Ибн Нужайм
WhatsApp Telegram

Сенімен араздасқан адамға барып татулас! Зұлымдық еткен адамды кешір! Жамандық жасаған адамға жақсылық жаса!

Ілмектер: Жақсылық, мінез, Қоғам Хадис шәриф
WhatsApp Telegram