Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.

Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы

Бізге еркеліктің керегі жоқ...

Ілмектер: еркелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік, Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік.

Ілмектер: Өмір, ащы, тәтті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан жүк.

Ілмектер: атақ, даңқ, Ақыл, зіл, жүк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мәдениеті жоқ ел — әскері жоқ патшамен тең. Мәдениеті жоқ елдің қазынасы азайып, қайыршысы көбейері менсіз де мәлім.

Ілмектер: мәдениет, қазына, қайыршы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Жас балалар есейіп жеткенше, үлкендердің не істегендеріне жете түсінбей де еліктей береді...

Ілмектер: бала, еліктеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Көңіл шіркін тарылғанда кең дүниені алақандай етпей ме?

Ілмектер: көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пейіл Ғабиден Мұстафин

Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.

Ілмектер: ашу, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мен біздің қазақ халқын — Ұлы халық деймін. Ұлылық адам санының көптігі үшін берілмесе керек. Оның қажыр-қайратына, төзімділігіне, ілім-біліміне тән болуға тиіс. Қазақ қазақ болғалы қаншалық қанқұйлы соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан кешірді. Өспесе өшкен жоқ. Сүрінсе де жығылған жоқ. Талай-талай зілмауыр табандарда тапталса да, өлдім деген жоқ.

Ілмектер: халық, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайрат, төзімділік, соғыс, ашаршылық Ханбибі Есенқарақызы

Менің іздейін байлығым малда емес, адамда болмақ...

Ілмектер: байлық, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Тар лашықта кең пейіл, кең дүниеде тар пейіл бола береді.

Ілмектер: тар, пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Ғабиден Мұстафин

Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көңіл тазалығы мен адалдық — нағыз мәдениетті жанға тән қасиет.

Ілмектер: Көңіл, тазалық, адалдық, мәдениет, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Адамның парыз-қарызы сыйлауда...

Ілмектер: адам, қарыз, парыз, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Тарықсаң дүние тарылады, кең көңілге тар дүние кең.

Ілмектер: дүние, тарығу, кең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қостай берушілік — әлсіздік.

Ілмектер: әлсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Талант деп өнері мен ақылын қоса іске асыра алатындарды айтамыз.

Ілмектер: Талант, өнер, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Әр елдің, әр халықтың есі кіріп, есейер кезі бар. Сол кезінде қай халық болса да өзінің елдік болашағын табан тірер тіршілік тиянақтарын ойланбай қойған емес...

Ілмектер: ел, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, болашақ, тіршілік Ғабит Мүсірепов

Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек.

Ілмектер: Сабыр, есеп, өмір, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Бір жақтылық — офицердің міні, кемшілігі.

Ілмектер: офицер, мін, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы