Жеке үлгі-өнеге ұрыста басқару құралы болып табылады.
Ілмектер: үлгі-өнеге, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Рақаттың тазасы — Алланың заңдарында, ал күші олардың — махаббатпен бекітілген.
Ілмектер: рақат, тазалық, Алла, Заң, күш, махаббат Нарша Булгакбаев
Ұрыс жүргізе жүріп үйрен, шыңдала, әрі батылдана түс.
Ілмектер: Ұрыс, үйрен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Бес күндік дүние шіркіннің он күндік арпалысы бар.
Ілмектер: дүние, шіркін, арпалыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Дүниенің ең қызығы — алу емес, беру. Берудің қызығын көрген — алудың да қызығын көреді. Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді.
Ілмектер: Дүние, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алу, беру Ғабиден Мұстафин
Өлімге асықпай, ұрыс жүргізуді үйрен.
Ілмектер: өлім, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өмір деген асфальттің беті емес, мұздың беті.
Ілмектер: Өмір, Асфальт, Мұз Нарша Булгакбаев
Табыс, даңқ пен пайда кещелерге де келе бередi.
Ілмектер: Табыс, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анри-Фредерик Амьель
Егер өзiңе зардап келтiретiн болса, өзiңдi-өзiң талқыға салу қауiптi, егер жiгердi жасытатын болса, қиялшылдық зиян, егер күшiңдi кемiтетiн болса, мамандық жаман, мiнездi құртатын ойға бату ауыр салдар қалдырмақ.
Ілмектер: ой, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жігер, зиян, мамандық Анри-Фредерик Амьель
Дүние шіркіннің тәттісіне түшіркеніп, ащысына ашырқанбаса, адам сорлы не көрдім деп кетеді?
Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Қалың солдат та әбден қалыптасқан халық.
Ілмектер: солдат, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Тiлектi қанағаттандырғаннан гөрi, одан бас тартқан әлдеқайда жеңiл екенiн мен өте ертеде байқағанмын.
Ілмектер: тілек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жеңіл Анри-Фредерик Амьель
Қазақ ойлайды: бiрлiк-ой ортақ, ас ортақ, киiм ортақ болса екен дейдi… Осы ма бiрлiк? Жоқ, бiрлiк — ақылға бiрлiк, малға ортақтық емес, малыңды берiп отырсаң, атасы басқа, дiнi басқалар, күнi басқалар да жалданып, бiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса — антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек. Сонда әркiм несiбесiн құдайдан тiлейдi. Әйтпесе, құдайдан тiлемейдi, шаруа iздемейдi. Әуелi бiр-бiрiне пәле iздейдi. Не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қарғанатын, әйтеуiр, бiрiн-бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты.
Ілмектер: бірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, амал, алдау Абай Құнанбайұлы
Дүние құрғыр кімнің бетін бұрмайды?
Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.
Ілмектер: танымал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Бауыржан Момышұлы
Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі.
Ілмектер: жануар, азық, тор, ата-ана, бала, от Нарша Булгакбаев
Мен өз елімде, өз жерімде басы артық, керегі жоқ жандаймын. Жалғызсырау деген ауыр күйзеліс...
Ілмектер: ел, жер, жалғыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Жылай келген дүниеден күңірене бір кету бар ғой.
Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Егер атақ-даңқты көтере алмай ақымақтана, есіре түссе, бұл адамның жағымсыз көлеңкелі жағы.
Ілмектер: атақ, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Хан-сұлтандар уәде береді, алдайды, ұрлық қылады, зорлық қылады, оны қара қазаққа жабады...
Ілмектер: уәде, ұрлық, зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі