Өлең, жыр, ақындар

Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, ақиқатты шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Ілмектер: қиындық, кедергі, көзқарас, жан, дүние, кінәлау, даму, дағды, тәжірибе, ақиқат Нарша Булгакбаев

Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды.
Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды.

Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:

1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз.
Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз.

Өзіңізден сұрап үйреніңіз:
– Бұл ой қаншалықты шынайы?
– Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым?
– Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма?

2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын.

Мысалы:
"Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?"
"Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?"
"Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?"
"Мені тоқтатып тұрған не / кім?"
"Мен кімге / неге сенуім керек?"

Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады.

3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы.

4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады:
— қуанышыңызды бөлісетін,
— қайғыңызды тыңдайтын,
— ойыңызды жинақтауға көмектесетін,
— армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын.

Тұрақты түрде жазу арқылы сіз:
— өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз,
— ішкі дауысыңызды естисіз,
— шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз,
— әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз.

Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз.

Есіңізде сақтаңыз:
Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді.


Ілмектер: жойқын, теріс, эмоция, деструктивті, реакция, психотравма, өткен шақ, травма, қабылдау, ой, ойлау, жан, дүние, рационалды, продуктивті, реалистік, қиындықтар, кедергілер, көзқарас, өзгеріс, конструктивті, теория, дағды, тәжірибе, бақылау, әділеттілік, баға, сұрақ, механизм, өзін-өзі тану, мүмкіндік, әлем, автомат, негатив, ақиқат, талдау, қиындық, кедергі, талдау, гигиена, артықшылық, даму, әл-ауқат, психика, эмоция, күнделік, әрекет, трансформация, оқиға, жағдай Нарша Булгакбаев

Дүние — қайғы не қуаныш әкелмейді. Қайғы мен қуаныштың негізі — дүниені қалай түсінетінімізде. Сондықтан басымыздағы қайғыға Құдай да, өмір де, әлем де, табиғат та, тағдыр да, өзгелер де, тіпті шайтан да кінәлі емес. Нағыз кінәлі — өзіміз ғана. Ал қалғандары — тек себепкерлер. Кінәліні сырттан іздеу — адамның рухани әлсіздігінің көрінісі. Қайғы мен қуаныш, сынақ пен бақ — бәрі де біздің көзқарасымыздан, ішкі түйсігімізден, жүрек жылулығынан туындайды.

Күн де, жаңбыр да, түн де, таң да — өздігінен ештеңе білдірмейді. Біреу үшін күз — сағыныш, екіншісі үшін — тыныштық, ал үшіншісі үшін — түңілу. Сол сияқты, сәтсіздік — біреу үшін күйреу, ал екінші үшін — жаңғыру нүктесі. Жоғалту — біреу үшін азап, ал біреуге — шынайы бақытқа жол ашады.
Қиындық — біреудің үмітін сөндіреді, ал біреудің рухын оятады. Сол себепті өмірдің мәні — басыңнан не өткергеніңде емес, сол өткергендерге қандай мағына жүктегеніңде.

Әлем — айна. Ол саған өз шындығын емес, сенің ішкі шындығыңды көрсетеді. Жүрегің тыныш болса — әлем де саған тыныш көрінеді. Жүрегіңде алай-дүлей сезінсең. әлем жойқын дауылға айналады. Өмірдегі жағдайларға, оқиғаларға мағына беріп, оларды жүрекке жақын немесе жат ету — тек өзіміздің таңдауымыз.

Жүрегің тазарса — әлемің жарқырайды. Жаның тазарса — өмірің нұрға бөленеді. Өзіңмен тату болсаң — ешкімге жау болмайсың.

Барлығы (жақсылық та, жамандық та) өзімізден басталады. Барлығы (нәтиже мен қорытынды) өзімізбен аяқталады.

Ілмектер: дүние, түсінік, жүрек, қайғы, қуаныш, құдай, кінә, өмір, әлем, табиғат, өзге, шайтан Нарша Булгакбаев

Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.

Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.

Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.

Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.





Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев

Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады.

Ілмектер: бақыт, қайғы, дүние, сана, күйзеліс, мән, оқиға, жағдай, мән, мағына Нарша Булгакбаев

Көзқарас өзгермейінше, жағдай өзгермейді.

Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, адам Нарша Булгакбаев

Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана.

Ілмектер: Адам, мәселе, қиындық, ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілік, құбыла, күшті, бағындыру, ақиқат, Алла, Құран, мағына, өмірдің мәні, шынайы, ғылым, дәлел, жалған, күрес, дін, ислам, мәңгілік, зертхана, өмір, сынақ Нарша Булгакбаев

Құдайдан өлімнің барлық факторларын жоюды сұрауыңызға болады, сақтықта қорлық жоқ, алайда Алла Тағала өлімнің триллион факторын жаратақан. Тілек қабыл болады, бірақ Алланың өзі сіз үшін арнайы, мұхиттан терең таудан биік құрметіңіз бен абыройыңыз үшін өлімнің барлық факторларын сіз өлгіңіз келмейді екен деп жоя алмайды... Сондықтан өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, бірақ бұл денсаулық сақтамау керек емес деген сөз емес. Ең дұрысы мәнді де сәнді сапалы да иманды ұзақ өмір сүруіңіз үшін дұға тілеу.

Ілмектер: өлім, құдай, фактор, қорлық, Алла, триллион, тілек, ақиқат, дұға, сапа, иман, өмір, имандылық Нарша Булгакбаев

Өмірді жақсы көр, себебі оны Алла жаратты. Өмірде жүрген өзің сияқты адамдарды жақсы көр, себебі оларды да Алла жаратты. Адамның жаратқанын жақсы көр, себебі оларға жаратуды Алла үйретті. Сонда адам нені жек көруі керек? Алланың жауы болған Шайтанның сыбырлағанын.

Ілмектер: Алла, өмір, жақсы көру, жарату, адам, шайтан Нарша Булгакбаев

Жұмысты, еңбекті қажет ететін төрт сала бар - физикалық денсаулық, психоэмоционалды денсаулық, материалдық әл-ауқат, әлеуметтік ортаға бейімделу.

Ілмектер: Жұмыс, еңбек, денсаулық, материалды мәдениет, ауқат, әлеумет, орта, қоршаған орта Нарша Булгакбаев

Жаратушының заңдарын зерттеп, меңгерген соң өмір бақытқа толы болады. Бірақ ешкім өтірік уәде бере алмайды: Мен ғана сені бақытты ете аламын деп, өйткені адамды бақытты ету мүмкін емес, адам өзі бақытты болуды үйренуі қажет, Алланың жаратқан өмір заңдылығы бойынша дұрыс ойлауды үйренуі керек.

Ілмектер: Жаратушы, заң, өмір, бақыт, уәде, Алла, ой Нарша Булгакбаев

Мен өзімді бақытты етпейінше басқаларды бақытты ете алмаймын. Мен өзімді бақытты сезінбеген кезде, мен бұл күйде ешкімге керек емесімді және басқаларға пайдалы немесе жақсы ештеңе істей алмайтынымды жақсы түсінемін.

Ілмектер: Бақыт Нарша Булгакбаев

Жан Рахаты үшеу — Ішкі тиыштық, тазалық, сұлулық.

Ілмектер: Жан, рахат, рақат, тиыштық, тазалық, сұлулық Нарша Булгакбаев

Жаман қатын бұл қабыну, жақсы қатын бұл айығу

Ілмектер: Жақсы, жаман, қатын Нарша Булгакбаев

Сен өзіңнен бақыттырақ адамды көрмейінше бақыттысың.

Ілмектер: бақыт, адам, сен бақыттысың, бақытсыздық, бақытты бол қазағым Нарша Булгакбаев

Бұл өмірде өтірік жоқ, бәрі шындық. Бұл өмірде тек Ақиқат пен Жалғандық бар.
Теріс шындық зиянды, оң шындықтан зиян жоқ. Шын мәнінде адамға тек Ақиқат қана пайда әкеледі, ал жалғандық алдайды.

Ілмектер: Өмір, өтірік, шындық, ақиқат, жалған, теріс, зиян, оң, шын, мән, адам, пайда, алдау Нарша Булгакбаев

Екі өлім бар — жанның өлімі (зинақорлық), тәннің өлімі (пайдақорлық).

Ілмектер: өлім, жан, өлім, зина, зинақор, зинақорлық, тән, пайда, қорлық Нарша Булгакбаев

Рух деп тәнінен айырылып қалған нәпсіні айтады.

Ілмектер: Рух, тән, нәпсі, жан Нарша Булгакбаев

Менікі деп жүргенің, уақытша ғана сенікі, атақ, ақша дегенің, мәңгілік емес сенікі. Сонда не мәңгілік — Жаратушыға деген махаббат.

Ілмектер: уақыт, атақ, ақша, мәңгілік, Алла, махаббат, жаратушы Нарша Булгакбаев

Уақытты күтуге уақыт жоқ.

Ілмектер: уақыт Нарша Булгакбаев

Қарап көріңіз