Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 575-бет

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.

Ілмектер: бала, тіл, сөз, сөйлеу Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Ілмектер: ұлт, тіл, қымбат Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық.

Ілмектер: Қазақ, тіл, Мұхтар Әуезов, Шекспир, Абай жолы Герольд Бельгер
WhatsApp Telegram

Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.

Ілмектер: асыл, сырты, іші Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Әжесі немересіне:
- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.
Сонда немересі:
- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, - депті. ))

Ілмектер: ауыз, Әже, бала, жөтел, тіс
WhatsApp Telegram

Кішкентай бала жүгіріп келіп:
-Апа, апа қайнап жатқан қазаның ішіне тышқан түсіп кетті, - депті. Апасы шошып кетіп:
-Алып тастадың ба? Күиіп қалмадаың ба? Не істедің? - десе, баласы:
-Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, -депті.

Ілмектер: мысық, тышқан, бала, апа
WhatsApp Telegram

Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.

Ілмектер: жасыру, тәрбие, айып, адамгершілік Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Ілмектер: тіл, қасиет, бақыт Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Өлгеннен сұра дер едім, тірі жандарға өмір дегеннің не екенін.

Ілмектер: өмір, тірі Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір

Ілмектер: төрт түлік мал, қой
WhatsApp Telegram

Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.

Ілмектер: ел, жер
WhatsApp Telegram

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Ілмектер: жыл, ай, уақыт
WhatsApp Telegram

Қаз келсе, жаз келер.
Қарға келсе, қатқақ болар.

Ілмектер: жыл мезгілдер, жаз
WhatsApp Telegram

Көліне қарай - қазы,
Қысына қарай - жазы.

Ілмектер: жыл мезгілдері, қыс
WhatsApp Telegram

Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, Біреу, біз Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram

Әскери өнердің құпиясы: керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты бола білу.

Ілмектер: әскер, өнер, уақыт, жау, құпия Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram

Тіл - қылыштан да өткір.

Ілмектер: тіл, қылыш, өткір Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

5 жасар ұл мен қыз баланың әңгімесі:
Қыз жылап:
- Менің құлағымды тесейін деп жатыр, - десе, ұл:
- Сенікі ештеңе емес қой, менікін кесейін деп жатыр, - депті.

Ілмектер: қыз, ұл, әңгіме
WhatsApp Telegram

Егер де темаға кіре алмай, тақырыпты түсінбей жатсаң, "соны айтам" дей сал :))

Ілмектер: тема, тақырып
WhatsApp Telegram

Адам – керуен, өмір – жол

Ілмектер: адам, Өмір, жол, керуен Сәкен Сейфуллин
WhatsApp Telegram

Әйелдер 50% жеңілдік деген жазуды көрсе болды, милары да 50% жұмысын тоқтатады.

Ілмектер: әйел, әйел туралы әзіл
WhatsApp Telegram

Күнімен жұмыс істейтін адам, ақша табуға уақыт таппайды.

Ілмектер: ақша, бизнес Джон Девисон Рокфеллер
WhatsApp Telegram

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!

Ілмектер: қазақша, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Ілмектер: Бөрі, бөлтірік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Ілмектер: Ой, уайым Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Әке адамның ең жақсы iстеген жұмысы , балаларының шешесiн силау.

Ілмектер: Әке адам Матай Сансызбайұлы.
WhatsApp Telegram

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Тойға дейінгі жағдай:
жігіт: - мә , бұл күнді қанша күттім а.?
қыз: - мүмкін кетуім керек шығар.?
жігіт: - оны ойыңа да алма!
қыз: - мені ұнатасыңба?
жігіт: - әрине, жаным.
қыз: - менің көзіме шөп саласыңба?
жігіт: - ешқашан!
қыз:- ернімнен сүйесің бе?
жігіт: - иә, әрине.
қыз: - маған қол көтересіңбе?
Ал тойдан кейінгі жағдай - диалогты төменнен жоғары қарай оқыңыз!

Ілмектер: жас-жұбай
WhatsApp Telegram

Молдамен жолдас болсаң, намазың қаза болмас.
Ұрымен жолдас болсаң, қазаның таза болмас

Ілмектер: ұры, молда
WhatsApp Telegram

Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram