Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 82-бет

Бір еркек базарда сауда жасап тұр:
— Мынау не?
— Алма.
— Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
— Мынау не?
— Жаңғақ.
— Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
— Ал мынау не?
— Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.

Ілмектер: базар
WhatsApp Telegram

Бір бай кешке үйіне келеді. Әйелі:
— Тамақ ішесің бе?
— Не бар?
— Қара уылдырық, бұлғар шарабы, қазы-қарта, жал-жая...
— Шіркін, баяғыдай қара нан мен шай болса ғой...
— Ол үшін елдің еркектері сияқты адал жұмыс істеу керек!

Ілмектер: бай, адалдық
WhatsApp Telegram

Екі жігіт әңгімесінен:
— Білесің бе, ер жігіттің бірінші — ұлы болу керек, екіншіден — үй салу керек, үшіншіден — ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
— Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
— Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
— Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...

Ілмектер: жігіт, ағаш, үй
WhatsApp Telegram

Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
— Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
— Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...

Ілмектер: перзентхана, бала, немере, келін
WhatsApp Telegram

Билік:
— Біз жақсы өмір сүрдік, әлі сүреміз...
Халық:
— Ал біз ше?

Ілмектер: билік, халық, өмір
WhatsApp Telegram

Екі жігіттің әңгімесі:
— Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
— Иә.
— Онда қандай маман болдың?
— Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
— Ол жерден неге шығып кеттің?
— Үйімді салып болдым ғой.

Ілмектер: жігіт, құрылыс, үй
WhatsApp Telegram

Екі жігіт әңгімелесіп отыр.
— Егер осы маңда полиция қызметкері жүрсе, онда қауіпсіз жерде жүрмін деп ойла. Ешқандай қорқудың қажеті жоқ
— Неге?
— Өйткені олар өте қауіпті жерде жүре қоймайды.

Ілмектер: полиция, қауіп
WhatsApp Telegram

Жас суретшіге бір әйел келіп:
— Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз? — деп сұрайды.
— Бір мың доллар.
— Айнытпай саласыз ба?
— Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш.

Ілмектер: суретші
WhatsApp Telegram

Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
— Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...
Баласы:
— Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...

Ілмектер: әке, жігіт
WhatsApp Telegram

Баласы әкесінен:
— Әке, ақша деген немене?
— Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
— Ал ақша жоқ болса, не болады?
— Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Ілмектер: ақша, бала, әке
WhatsApp Telegram

Әскерде:
— Бұл жерге келудегі мақсатың не?
— Біріншіден, Отанды қорғау!
— Дұрыс.
— Екіншіден, әскер мені шыңдайды.
— Жақсы.
— Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.

Ілмектер: әскер
WhatsApp Telegram

Білгім келген сұрақ:
— Социализм деген не?
— Бұл — капитализмге апаратын ұзақ жол.

Ілмектер: Социализм, капитализм, жол
WhatsApp Telegram

— Білесің бе, сен маған Пушкинді есіме түсіресің.
— Е-е, мен де ақынмын, оның үстіне шашым бұйра дегендей...
— Жоқ, атып тастағым келеді...

Ілмектер: ақын, Пушкин
WhatsApp Telegram

Әкімшілікке біреу телефон соғады.
— Алло, әкімшілік пе?
— Иә.
— Менің әкім болғым келеді.
— Не айтып тұрсыз? Сіз жынданғансыз ба?
— Сонда есі дұрыстарға әкім болуға болмай ма?

Ілмектер: әкімшілік, әкім
WhatsApp Telegram

Екі жігіт әңгімесінен:
— Бернард Шоуды білесің бе?
— Білмеймін, бірақ мынауың да Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу деген сияқты бірдеме шығар...

Ілмектер: жігіт
WhatsApp Telegram

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.
— Мұныңмен не айтпақсың?
— Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...

Ілмектер: бай, әйел, ит, күтуші
WhatsApp Telegram

— Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады.

Ілмектер: әңгіме, жұмыс
WhatsApp Telegram

Бүгінгі әңгіме:
— Мұнайдың бағасы тым арзандап кетті.
— Бірақ бензин өте қымбат қой.
— Бізде бензинді мұнайдан жасамайтын шығар...Әйтпесе арзан болар еді.

Ілмектер: мұнай, бензин
WhatsApp Telegram

Баласы мен анасы:
— Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
— Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
— А-а! Ал сенің шашың неге көп?
— Көп сөйлемей тамағыңды іш!

Ілмектер: шаша, ақыл, ана, бала, әке
WhatsApp Telegram

Бастық көмекшісіне:
— Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым.
— Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен...

Ілмектер: бастық, баяндама
WhatsApp Telegram

Түн ортасында екі аруақ қорғанды аралап жүреді. Бір кезде есік шиқылдап ашылғандай болады. Бірі екіншісінің артына тығылып қалады.
— Сен не, — дейді сонда екіншісі, — сонша қорқасың? Тірілер туралы ертегілерге сенесің бе?

Ілмектер: қорған, аруақ
WhatsApp Telegram

Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің келгеніне қатты ренжіп:
— Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! — депті.
— Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, — деген екен сонда елші.

Ілмектер: елші, сақал, патша
WhatsApp Telegram

Әскерге барғанда дейін ұйқым тыныш болатын. Әскерде жүргенде ұйқыдан маза кетті. Себебі өзім тыныштықты күзеттім. Әскерден кейін алаңсыз ұйықтай алмайтын болдым. Себебі бәтшағарлардың қалай күзететінін жақсы білемін.

Ілмектер: әскер, ұйқы
WhatsApp Telegram

Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр.
— Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар.
— Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жапсырамыз ғой.

Ілмектер: Құрылысшы, үй
WhatsApp Telegram

Шешелеріміз кішкене күнімізде бәрімізді де оймақтай шағын қасықтармен тамақтандырғаны есіңізде шығар? Ал енді ойлап көріңізші: қытайлар асты екі таяқшамен жейді. Сонда олардың шешелері сәбиін... тіс шұқығышпен тамақтандыра ма?

Ілмектер: қытай, бала, тамақ, ана, шеше
WhatsApp Telegram

— Маам! Маа-мааа!
— Не болды сонша айқайлап! Мен қонақ бөлмедемін, бері келші, не керек өзіңе? Дұрыстап айтшы.
Бүкіл бөлмелерді аралап келген баласы:
— Мама, мен боқ басып кеттім!

Ілмектер: бала, ана
WhatsApp Telegram

Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:

— Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
— Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
— Біздің бала да жарап тұр — банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға, процентсіз...
Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
— Не айтып жатырсыңдар?
— Бала туралы.
— Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...

Ілмектер: бала
WhatsApp Telegram

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, мінез-құлық Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.

Ілмектер: мақтаныш, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды.

Ілмектер: айбар, сый, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram