Нарынбай қоспақ (2 нұсқа)
Алдына ат салмайды құла құнан,
Нарынның ат суардым бұлағынан.
Алдында асқақтатып ән шырқайын,
Қалмасын-ей, көпке дейін-ей,
Алдына ат салмайды құла құнан,
Нарынның ат суардым бұлағынан.
Алдында асқақтатып ән шырқайын,
Қалмасын-ей, көпке дейін-ей,
Білемін жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майданда найза ғой сұлу.
Әдемі өскен төбеде-ай көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ ай сұлу.
Келеді жаз мысалы жыл құсымен,
Көктемде мал балалар тұңғышымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.
Қарасу есік алды лай ма екен,
Көргеннен мені анам сұрай ма екен?
Қайысып қабырғасы тапқан анам,
Мені ойлап осы күні жылай ма екен?
Айналайын, қарағым, құлыным-ай, ау,
Бауырыңда көп жаттым тығылып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
Тартайын деп домбыра алдым қолға,
Он саусағым шағалап салдым жолға.
Білгенімше барымды мен сөйлейін,
Тіл байланып қалмаса сіздің сорға-ай.
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.
Ішпедім Жайық суын ылай ма деп,
Баспадым жардың шетін құлай ма деп.
Жаманмен дос болуға мен қорқамын,
Бір күні ердің құнын сұрай ма деп.
Жиырма не пиғылға түсірмедің,
Ерте тый бұл нәпсіні түсінгенің.
Шалқыған асқар таудай көңіл, шіркін,
Ұлғайса көріп жүрміз көсілгенін, а-ау.
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ дидарың балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.
Қолыма сөз сөйлейін домбыра алып,
Құрбылар, тыңдасаңдар зейін салып.
Тайпалған талай жорға өткен бұрын,
Қонатын қайда барса жалын шалып.
Айттым сәлем, сәулеме, сен зерек деп,
Топтан орның өзіңнің бір бөлек деп.
Ақ атылас көйлектің жеңін тістеп,
Шықсын сәулем алдымнан көлбелектеп.
Базарға қой айдаттым пұл ме екен деп,
Қояды қыздың атын ей-ей-еу Ұлмекен деп.
Бойыма түскен асым тарамайды,
Көңілі сол құрбымның ай-ау-ей кімде екен деп.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі